Облыс әкімі

Жемқорлыққа қарсы қауқарлы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Денис ШӘКЕНОВ бұқара алдында есеп берді. Қоғам өкілдері, облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша ОСПАНОВА қатысқан кездесуде ведомство қызметі және өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы сөз болды.

 

  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл жүргізудеміз. 2019 жылы мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 17 сыртқы талдау жүргізіліп, 133 ұсыныс берілсе, қазір оның 101-і орындалды. Жемқорлық тәуекелдері нормативтік-құқықтық актілерде, персоналды басқаруда, мүдделер қақтығысында байқалды, – дейді Денис Шәкенов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлық айтарлықтай азайған. Мәселен, соңғы 2 жылда олардың саны 1,7 есеге азайған. Бірақ, жыл сайын мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысуы қадағалануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы арнайы мониторингтік топтың ролін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, аталмыш орган – қоғамдық сананың өзгеруіне ықпал ете алатын азаматтық қоғам мен мемлекеттік аппарат арасындағы байланыстырушы буын. Жариялылықты арттыру үшін арнайы мониторингтік топ мүшелері жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан комиссиясына, магистратураға және докторантураға түсу кезінде кешенді

тестілеу ге қатысады. Қоғам өкілдері жөнделген жолдардың сапасын, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды тексереді.

Өңірде сондай-ақ, ақпараттық-ағартушылық штаб жұмыс істейді. Оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар кіреді. Облыс әкімдігі мен азаматтық қоғам бірлесіп «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыруда. Оның басты мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою.

  • «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы аясында Қарағанды облысында 1084 мемлекеттік ұйым өз бюджеті туралы ақпаратты орналастырды. Қаражаттың қалай жұмсалатынын азаматтар нақты уақыт режимінде бақылай алады, – деді Денис Шәкенов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жобаны жүзеге асыруда.

Жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы кез келген адам хабарлай алады. Расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақы да бар. 2019 жылы 10 қарағандылық 1,4 млн. теңгеге сыйлық алған.

Есеп беру кездесуінде сондай-ақ ақпараттық-ағарту штабының басшысы Бекзат Алтынбеков, арнайы мониторинг тобы басшысының орынбасары Бейбіт Жұмабеков, «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Малика Күсенбаева сөз сөйледі.

Ал, Қадиша Оспанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы ынтымақтастықты нығайту, «Nur Otan» ресурстарын белсенді пайдалану және өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткізуді ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button