Спорт

Желаяқтар жарысы

Жуырда Қарағандыда облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета өтті. Аталған спорттық іс-шара Ұлы Жеңістің 73 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды.

Эстафета «Достық үйі» алаңынан бастау алды. Жүгіру қашықтығы 5,7 шақырымға созылды. Дүбірлі дода да мықты командалар бағын сынады. Жүгірушілер 14 топқа бөлініп жарысты. Айта кеткен жөн, «Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесі үшін жеңілатлетикалық эстафета осымен 73 мәрте өткізіліп отыр. Жарыс қорытындысы бойынша, кәсіптік-техникалық мектептер мен лицейлердің арасында №3 кәсіптік лицей жеңімпаз атанса, қыздардың ішінде № 12 кәсіптік лицейі дара шықты. Колледждер арасында көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінің ерлер мен қыздар командасы жеңіске жетті. Жоғары оқу орындарының арасында ҚарМУ командасы алтыннан алқа тақты. Орта мектептер арасында №11 мектептің командасы топ бастады. Жалпы білім беретін білім ұяларының арасында №45 гимназияның оқушысы бірінші болып мәре сызығын кесті. Жасөспірімдер арасында №32 орта мектептің оқушысы бас жүлдені алды. Жалпы командалық жарыста алтын кубог «КЭУК» командасына бұйырды. Тағыда бір алтын кубогты Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қанжығалады. Сондай-ақ, 80 жастағы марафоншы – Таисия Зайцева, 67 жастағы марафоншы – Борис Кривенко, кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары 7 жасар Валерия Савина және 10 жасар Ислам Исмаиловқа кубоктар табыс¬талды.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button