Жекешелендіру – жеке сектордың дамуына сеп

     Үкімет қабылдаған «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспар» жеке сектордың дамуына әсер ететін маңызды қадам болмақ. Ол – мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған бірегей жоба. Бұл жөнінде Қарағанды облыстық мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасының басшысы Мұрат КАДЕКОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

– Облыс әкімінің қаулысы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған коммуналды меншік ұйымдарын жекешелендірудің күн тәртібі бекітілді. Облыстық коммуналды мүлікті жекешелендірудің тұрақты комиссиясы құрылды. Сонымен қатар, биыл жекешелендіруге өзгеріс енгізіліп, тізімге 10 ұйым қосылды. Жекешелендіру нысандарын сату жайлы хабарландыру БАҚ және мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында жарияланып келеді. Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникация министрлігінің көптеген ұсыныстары бойынша БАҚ саласындағы ұйымдар, соның ішінде Қарағанды облысының 18 ұйымы алынып тасталды. Толыққанды айтсақ, квазимемлекеттік мен­шік­ті жекешелендіру ұлттық компанияларға артық сал­мақ түсіріп отырған кейбір құрылымдарды оларға өз еншісін бере отырып қайта құрудан басталады, – деді Қарағанды облыстық мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасының басшысы Мұрат Кадеков.

Спикердің айтуынша, Нұра ауданындағы «Нұратал-2013» ЖШС бірінші сатылымда бастапқы құны 707 мың теңгеден басталып, 2 млн. теңгеге сатылған. Сонымен қоса, төрт ұйым – «Балқаш қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы» ЖШС, «Қарағанды қаласының Қала құрылыс кадастр орталығы» ЖШС, Жезқазғандағы спорт-сауықтыру кешені, Қарағандының воллейбол клубын жеке меншікке саудаланған. Бірақ, олардың бағалары 3-4 есеге төмендеген көрінеді. Айтулы нысандардан түскен қаражат 2,4 млн. теңгеден 18,3 млн. теңгеге дейін ғана жеткен. Бұдан бөлек, сатып алушылар табылмаған үш нысан жойылмақшы. Мемлекеттік мүлік туралы заң талабына сәйкес, Теміртау қаласындағы «Спорт клубы» КМҚК, Жезқазғандағы «Полигон» ЖШС, «Тұлпар» мини-футбол клубы» ЖШС жойылатындығын баяндады. Сонымен қатар, жергілікті атқару органдарының шешімімен тағы 4 ұйым жойылатындығы белгілі болды. Олардың қатарында «МЖС аймақтық орталығы» АҚ, «Шаруашылық басқарма» ЖШС, «Горсвет» КМК және «Береке-2010» АҚ бар. Мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысы жекешелендірудің екінші толқыны статистикалық мәліметтері бойынша сатылған нысандар санына байланысты республикамызда 7-ші орында тұр.

Бір айта кетері, жекешелендіру барысында толықтырылған ұйымдардың ішінде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелер де бар. Бүгінгі күнде сатылымға қойылған «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК алғашқы құны – 911 852 000 теңгені құраса, «Теміртау қаласының №2 емханасы» КМК құны – 1 281705 000 теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, 5 мекеме 44,7 млн. теңгеге сатылған. Алты ұйым бойынша сатудың алдын ала дайындығы жүргізіліп жатыр.

Нұрдос КӘРІМ

(Сурет ғаламтордан алынды).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.