Шет

Жеңіспен оралды

Жақында Елордамызда республикалық «Жас суретшілер» атты көркем суретшілердің байқауы өтті. Байқауға 10-14 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Сайыста шығармашылыққа қызығушылығы жоғары, дарынды балаларды қолдау мақсаты көзделді. Сондай-ақ, жас суретшілердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік берілді. Мектебіміздің оқушылары Даяна Шеризат, Арайлым Әмен, Құралай Түсіпбай, Сабина Қабыкенова және Ернар Мүкарам байқаудың жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарын иеленіп, дипломмен марапатталды. Оқушыларды сайысқа дайындаған жетекшісі, сурет пәнінің мұғалімі – Жастүлек Сауғабеков.

Мектебіміздің мәртебесін арттырып, ұстаздарын қуантқан оқушыларымыздың шығармашылығына сәттілік тілейміз.

Н.ӘЛІБЕКОВА,

Нұра орта мектебінің музыка пәні мұғалімі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button