Жаңалықтар

Жеңіс тұғырында

    Шаһарымызда студент жастар арасында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған спартакиада өтті. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған шарада командалар он төрт спорт түрінен сайысқа түсті. Аталмыш спартакиадаға облыс әкімінің жүлдесі тағайындалған.

Спартакиадаға Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚММУ, ҚарМТУ, Қарағанды индустриялық университеті, Орталық Қазақстан академиясы, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қарағанды экономикалық университеті, Болашақ академиясы, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің құрама командалары қатысты.Студенттер спорттың қысқы президенттік көпсайыс, футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, асық ату түрлерінен сайысты. Жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлер жалпыкомандалық есепте кубок, дипломдармен және жеке сайыстар бойынша түрлі дәрежедегі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Болат ДҮЙСЕБАЕВ, ерлер волейболының жаттықтырушысы:

Қарағандыда жоғары оқу орындары командаларының қатысуымен өткен дәстүрлі сайыста жалпыкомандалық есепте 210 ұпай жинаған ҚарМУ құрамасы жеңімпаз атанды. Соңғы он жылда Қарағанды мемлекеттік университетінің құрама командасы тек алдыңғы шептен көрініп келеді, әсіресе, қазақ күресінен. Бұл университеттің дене тәрбиесі және спорт факультеті оқытушыларының спорт саласындағы жүйелі жаттығуын аңғартады. Жүлделі екінші орынды ҚарМТУ, үшінші орынды ҚММУ құрама командалары иеленді. Сайыс тартысты әрі қызықты өтті.

Сөйтіп Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ құрамасы жалпыкомандалық есепте облыстық ХІ спартакиада сайыстарында қазақ күресі, конькимен жүгіру спорты түрлерінен шебер ойын көрсетті. Университет командасы 2012 жылдан бері оқу орындары арасында біріншілік туын көтеріп келеді.

Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button