ҚарағандыОблыс әкіміРесми

Жеңіс Қасымбек оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Осы жылы мектептерде COVID-19 пандемиясы салдарынан салтанатты жиындар өткізуге рұқсат берілмеді.

 

Жеңіс Қасымбек мектеп оқушылары мен түлектердің қуанышы шектелмеуі тиіс екенін атап өтті, себебі оқу жылының аяқталуы – бұл өмірлік жолдың белгілі бір кезеңі, кезекті қадам, жаңа білім мен жаңашылдықтарға толы сәт.

Қарағанды облысында биыл 7 673 түлек аттестат алады. Өңір басшысы олар үшін ең маңызды міндет – болашақ мамандықты таңдау екенін, кез келген өмірлік жағдайда адал, мейірімді және қайырымды болу екенін атап өтті.

– Бұл күні мен баршаңызға мықты денсаулық, амандық, бейбітшілік пен татулық тілеймін. Осы жылдар бойы сіздермен бірге болған және қиын уақытта қолдаған ұстаздарыңызға және ата-аналарға алғыстарыңызды айтыңыздар. Олардың барлығы сіздерге үлкен үміт артады. Армандаңыздар, алға ұмтылыңыздар, мақсаттарыңызды орындаңыздар! – деп тілегін білдірді Жеңіс Қасымбек.

Түлектерге әлі Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру керек. Пандемияға қарамастан, ол емтихан әдеттегі форматта 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Басқа материалдар

Back to top button