Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: «Біздің ортақ міндетіміз – қызметкерлер мен олардың отбасыларына қамқорлық таныту»

Қарағанды облысының кәсіпорындары жұмыс орындарын сақтауға, еңбек құқықтарының сақталуын және өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Облыс әкімдігі, 160 ірі және орта кәсіпорын, кәсіподақ ұйымдары үшжақты меморандумға қол қойды.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» корпорациясы және Жәйрем тау-кен байыту комбинатының басшыларымен кездесті. Тағы да ондаған кәсіпорындардың өкілдері жиынға селекторлық байланыс арқылы қатысты.
Облыс әкімі коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі үшін компанияларға алғысын білдірді. Олардың көпшілігі Елбасының үндеуіне қосылып, қоғамдық қорға ақша аударды.

– Өкінішке қарай, экономикалық сипаттағы қауіп-қатерлер бар. Ол – мұнай мен металл бағасының құлдырауы. Мұнда біз өңірдің кәсіпорындары үшін, олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін елеулі қауіптерді көріп отырмыз. Біздің ортақ міндетіміз – қызметкерлер мен олардың отбасыларына қамқорлық таныту, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, аймақ басшысы  инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірленіп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, облыстың барлық ірі кәсіпорындарымен бірлесіп қызметкерлердің басқарылатын ағыны бойынша Жол карталары құрылды.
Келісімге қол қойған кәсіпорындарда 30 мыңға жуық адам еңбек етеді. Бірлескен шаралар  жұмыс орындарын сақтауға және еңбек кадрларының тұрақты табысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқа материалдар

Back to top button