Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: “Аймақта азық-түлік тауарлары жеткілікті”

Қазіргі таңда азық-түлік пен гигиеналық тауарларға сұраныс жоғарылады. Әлеуметтік желіде желдей ескен жалған ақпараттың ығына жығылған жұрт жаппай қор жинап қалудың қамына кірісіп-ақ кетті. Әйтсе де, алаңдауға негіз жоқ. Аймақта азық-түлік тауарлары жеткілікті. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің “Фейсбук” парақшасында хабарлады. 

“Адамдар азық-түлік пен гигиена тауарларының тапшылығы болады деп алаңдаушылық танытуда. Оларды да түсінуге болады.Бұл ретте облыс тұрғындарына ресми түрде біздің аймақта азық-түлік тауарларының жеткілікті екенін атап өткім келеді. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша азаматтарды азық-түлікпен және бірінші кезектегі қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.

Облыстың барлық кәсіпорындары мен дүкендері бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақыттағы Үкімет қабылдаған шаралар вирусты алдын алуға бағытталған. Бүгінгі күні елімізде короновирус індеті ресми тіркелген жоқ. Сондай-ақ
әлеуметтік желілерде белсенді түрде таратылатын жалған ақпараттарға сенбеуге және шынайы ақпарат көздерінен алынған ресми хабарлармен танысып отыруға шақырамын.
Сонымен қатар өз парақшамда жергілікті билік тарапынан қабылданатын шаралар мен соңғы жаңалықтармен бөлісетін боламын.
Барлықтарыңызды тыныштық сақтауға шақыра отырып, біз әрдайым мәселелер мен сын-қатерлерді шешуде табандылық танытатынымызды атап өткім келеді. Осы жолы да өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып шығатынымызға сенемін. Ең бастысы, біз қазір үрейге жол бермей, ақылмен жұмыс жасап,өзімізді және жақындарымызды сақтауымыз қажет. Біз біргеміз!”, – деп жазды аймақ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button