Басты тақырып

Жауынгерлік әзірлік – мығым

   «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, қай уақытта да айрандай ұйыған елді ірітушілер табылады. Сол себепті, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын әскери күштердің қуаттылығы, білімділігі басты назарға алынып отыр.

Қауқарлы қару-жарағы мен айбынды әскері бар Қазақстанның қорғаныс саласы жыл өткен сайын нығайып келеді. Қазақ елінің төл әскерінің құрылғанына биыл 25 жыл және  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына 15 жыл толып отыр. Осыған орай, Спасск оқу-жаттығу орталығында өткен семинарда аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өңірдің әскери жағдайымен кеңінен танысып қайтты.

Журналистер қауымы Қарулы Күштердің алдында алғашқы күннен бастап жауынгерлік дайындықты нығайту мен оны одан әрі жетілдіру тапсырмалары туралы дәріс тыңдап, әскер қатарында мүмкіндіктерін сынаған әріптестеріміздің арнайы фильмдерін тамашалады. Ең негізгісі, еліміздің қорғаныс саласының әлеуеті мен әскерилердің күнделікті атқаратын міндеті мен қызметін көрді. Тіпті, сөз мергендері әуелі көз мергендіктерін  Калашников автоматынан оқ атып сынап көрді. Семинар барысында, Қарағанды қорғаныс істер жөніндегі департаменті мен «Орталық» өңірлік қолбасшылығы алдағы уақытта бірлесе игі шаралардың атқарылатындығын мәлімдеді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы басшысының тәрбие және құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Ермиян БИЯТОВ:

– Бүгінгі күнде мемлекеттің ұлттық қауіп­сіздікке төнетін қатерлерге дер кезін­де төтеп беріп, оған сындарлы жауап беру сынағына дайындық күшейе түскен. Қазақ әскері осы жылдар аралығында қуатты елдің құрыштай қайратына айналды. Қазақстан халқы бүгінгі күні өздерінің қауіпсіздігі берік қолда екеніне сенімді. Біздің мақсат – сарбаздардың білімін нығайтып, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлік деңгейін жоғарылату.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button