Бас тақырыпЖаңалықтар

Құжат қабылдануда

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша құжаттар қабылдауды бастады. Мұнда «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ­-нан мақұлдау алған азаматтар бастапқы жарнасын жабу үшін сертификат алуға құжат тапсыра алады.

Тұрғын үй сертификаттары үй кезегінде тұрған бірнеше санаттағы азаматтарға беріледі. Яғни, бұл орайда, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларының иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I­II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қамтылады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button