Жаңалықтар

«Жасыл технологиялар» – Қарағандыда

Қарағандыда алғашқы «Жасыл технологияларды» тарату орталығы – аймақта қуат үнемдеудің озық жобаларын жария етіп, ынта білдірген кез келген тұрғынға мәлімет беруге әзір. Орталықтың Қарағанды агротехникалық колледжінің базасында ашылуы кездейсоқ емес. Аталған оқу орнында баламалы қуат көздерін алудың сан алуан жобалары топтасқан. Мұнда жобалау зертханаларында студенттер үнемі ізденіс үстінде. Орталықтың ашылу салтанатында студенттер мен оқытушылардың ұжымдық еңбегінің нәтижесі – қуат беретін жобалар назарға ұсынылды.

«Жасыл» экономика үшін және G-Global” дамыту коалиция» ұйымының айтуынша, орталық – азаматтарды оқытуды, соңғы жасыл технологиялармен таныстыруды көздейді. «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында аймақ жұртшылығының жасыл экономика туралы түсінігі болуы керек деседі. Әрбір тыңдаушы мен қатысушыға арнайы сертификат та берілмек.

Серік НҮГЕРБЕКОВ, «G-Global» Халықаралық хатшылықтың жетекшісі:

Біз еліміздің азаматтарын оқытуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде, бірінші кезекте, ауыл тұрғындарын қамтымақпыз. Жерді органикалық игеруді дамытуға үйретіп, жаңа инновациялық технологиялармен таныстыратын боламыз.

Колледж ұйымының еңбегінің жемісі – жел диірмені, күннен қуат алатын құрылғылар және де жасыл технологиялық негіздегі тың жобалар. Жергілікті жылыжай да осы жобалар арқылы қуат алып отырған көрінеді. Күн сәулесін студенттер қауымы тиімді пайдалануда.

Ал, кешегі күні ашылған «Жасыл технологиялар» орталығы ел арасында қуат үнемінің кең тарауына түрткі болмақ.

Мұндай орталықтар өзге аймақтарда да өріс алғанын айта кеткен жөн. Мәселен, 2015 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында «Жасыл технологиялардың ұлттық академиясы» орталығы ашылған. Онда бүгінде 20 «жасыл» технология апробациялануда. Бұл жұмыстар енді Қарағандыда жалғасын таппақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button