«Жасыл елдіктердің» шарапаты

2005 жылдан бері «Жасыл ел» жасақтары елімізді көгалдандыруда табысты еңбек етіп келеді. Солардың қатарында Жезқазған қаласының жастары да жазғы демалыстарында туған жердің гүлденуіне атсалысып, нәпақа тауып белсенді еңбек етуде.

Осы жылы «Жасыл елдік» қыз – жігіттер тапсырыс беруші «Тұрар» ҚБ-не қолқабыс етті. Қаламыздағы саябақтар ішін қураған бұтақтардан тазартып, үлкен көшелерді абаттандыруда зор үлес қосты.

Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында еңбек еткендердің жалақысы көтерілген. Сонымен қатар, облыстық «Жасыл ел» штабы арнайы киім-кешектермен қамтамасыз етті. Бүгінде бағдарламаны іске асыру аясында 16-29 жас аралығындағы жастар еңбек жасақтарының қатарына 135 – жас жұмысқа тартылады. Үш маусымға 45 сарбаздан жұмысқа жұмылдырылды.

Биыл Жезқазған қаласының әкімі Б.Ахметов мемлекеттік «Жасыл Ел» бағдарламасына ерекше назар аударып, қомақты қаржы қарастырды. Әр сарбаздың 1 айлық жалақысы жергілікті бюджеттен 42 963 теңгені құраса, Республикалық бюджеттен 35 000 теңге бөлініп отыр. Жалпы сомасы 5 млн. 800 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» бағдарламасы бойынша 90 жасты жұмыспен қамтыды.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.