Жаңалықтар

Жастық жігер жалыны

Аяулым СОВЕТ,

Ortalyq Qazaqstan

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты «Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлер штабы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік азық-түлік себеттері мен гигиеналық құралдар тарату жұмысын аяқтады.

Осы уақыт аралығында  #SaryarqaJastary волонтерлері облыс бойынша 107 тоннаға жуық азық-түлік, гигиеналық құралдар және маска таратып, 13 663 отбасына көмек көрсеткен болатын. Штаб мүшесі Сымбат Әубәкірованың айтқанындай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылын науқанға айналдырмау қажеттігін айтқан болатын. Ерікті жастар қоғамға адал қызмет атқарып, көпке үлгі болды. Осы орайда төтенше жағдайда елге көмек қолын созып, қолдау білдірген волонтерлер мен демеушілердің еңбегі кез келген марапатқа лайықты екені сөзсіз.

Басқа материалдар

Back to top button