Жаңалықтар

“Жастардың шетелге жұмысқа кетуінің себебі көп…”

 

Әлемдік нарықты зерттеуші The Boston Consulting Group (BCG) және Network компанияларының мәлімдеуінше, Қазақстан тұрғындарының үштен екі бөлігі АҚШ, Ресей, Германия, Канада, Ұлыбритания және БАӘ, Италия, Жапония елдерінде жұмыс істеуге қызығушылық танытқан.

Елден жырақ кетуге себептер көп. Жақсы өмір сүрге ұмтылу, кәсібін шыңдау, тәжірибе жинау болып табылады. Жастардың шетелге жұмысқа кетуінің бір себебі – халық пен билік арасының алшақтай түсуі деп ойлаймын. «Жастар жылын» қарапайым нәрселерді жүзеге асырудан бастау керек. Жастар халықтың бір тармағы болғандықтан, олардың да қоғамда айтатын пікіріне құлақ түрген дұрыс. Жиындарға жастарды жиі қатыстыру керек. Көп дүниеге қолжетімділік артса, жұмыссыздық орын алмайды.

Мәселен, жақында бүкіләлемдік Numbeo деректер жүйесінің сараптама мамандары әлем елдеріндегі өмір сүру сапасының 2019 жылғы рейтингін жариялады. 71 мемлекеттен құралған тізімде Қазақстан 69-ыншы орында тұр. Аталған көрсеткішті жасау кезінде халықтың сатып алу қабілеттілігі, қауіпсіздігі, денсаулық сақтау деңгейі, өмір сүру бағасы, жолға кететін орташа уақыт көрсеткіші, экологиялық және климаттық жағдайы зерттеледі. Сарапшылар алғашқы орындарды Дания, Швейцария және Финляндия елдеріне беріпті.

Абай ОТАРБАЕВ,

“SAABR” ЖШС бас жобалар менеджері, “PIXEL” жобалар студиясының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button