Жаңалықтар

Жастар жылы

 

Жалында, жарқырай түс, Жастар жылы,

Төбемізден төгілсін аспан нұры.

Айбатты да, қайратты алаулаған,

Біз боламыз дәуірдің дастан, жыры.

Жастар жылы, кел бері, қолыңды бер,

Жыл бол бізге жыр мен күй төгілдірер.

Дипломның қызығын көрмей жүрген,

Достарыма көбірек көңілді бөл.

Бір бақытқа бөлеші ауылымды,

Бұл уақытқа көрсетші тәуір үлгі.

«Нұр Отан» – бізге сенім артып отыр,

«Жас Отан» – көрсет жастық жалыныңды.

Біздің Жастар өзгеге сыйлы болсын,

Басымызға баянды күйді берсін.

Үйсіз жүрген замандас үйлі болсын,

Мисыз жүрген замандас милы болсын.

…Бір кездері Жас болған бар алыбың,

Солар айтар: Бас пен Жас аралығын.

Тоқ болсыншы көңілі тату елдің,

Көп болсыншы, сүйіншілер жаңалығың!

Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button