Абай

Жастар бастамасы бағаланды

Жастар мәселесі, жастардың болашағы мен қоғамдағы орны елімізде қашанда маңызды мәселелер қатарынан түскен емес. Сондықтан да, түрлі орталықтар мен ұйымдар құрылып, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру, оларға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Аудан әкімдігінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мүмкіндіктер аймағы» атты аудандық жастар форумы өтті. Форум Топар кентіндегі «Тыныштық шығанағы» атты демалыс орнында болды.

Көрнекі сурет

Жиынға кент және ауылдық округтердің жастар ісі мамандары, ауылдық елді мекендердің жастары және ауданның белсенді жастары мен жастар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл форумға арнайы келген аудан әкімі жобалары ең таңдаулы кәсіпкер жастарға сертификат табыстады.

– Жастар мәселесі, жастардың болашағы мен қоғамдағы орны елімізде қашанда маңызды мәселелер қатарынан түскен емес. Сондықтан да, түрлі орталықтар мен ұйымдар құрылып, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың болашақта өз ісінің мықты иесі атануға, оларға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Олар – Елбасының және аға буын салып берген сара жолдың жалғастырушылары. Біз болашақты қалай құрамыз, қандай игі істерді атқарамыз, деген сұрақтарға бүгіннен бастап жауап іздеуіміз қажет. Бүгінгі жастар форумы да осындай түйіткілді мәселелерді шешуге арналады,– деп мәлімдеді аудан әкімі өз сөзінде.

Южный кентінен келген жастардың жобасы ең таңдаулы жоба атанды. Аудан әкімі Бауыржан Асанов салтанатты түрде жеңімпазға кентте жастарға спорттық алаң құрылысына арналған 2 000 000 теңге көлемінде сертификат табыстады. Ал екінші орынды Топар кентінің жобасы мен үшінші орынды Дубовка кентінің жобасы алды.

Форум аясында нетворкинг-кездесу өтті. Мұнда аудандық жұмыс берушілер, оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер және жастар қатысты. Жиын барысында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемелердің бүгінгі жұмыстарының талдауы жасалды. Жұмыспен қамту орталығы директорының, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының, кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының баяндамалары тыңдалды. Бұдан кейін аудан бойынша ірі кәсіпорын иелері, яғни, «Абай» шахтасы, «Восточная» орталық кен байыту фабрикасы, «БҮЭС – Топар» ЖШС, «Шанс» шаруа қожалығы, «Волынка» шұжық өнімдерінің өнеркәсібі, «Стежок» киім тігу өнеркәсібі өздерінің мекемелерінің таныстыруларын көрсетті. Жастар өздеріне керек мәліметтерді алып, жас кәсіпкерлер және жұмысшылармен танысты.

Түстен кейін шығармашылық байқаулар өтті. Жастар ән, би, көңілді тапқырлар клубы түріндегі өнерлерін көрсетті. Бұлардың ішіндегі ең өнерлісіне ауылдың мәдениет үйіне ЛЭД экран алу үшін 2 000 000 теңге қаражат сертификаты табысталды. Сол сияқты жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін аудан әкімінің грантын Южный кенті және Абай қаласының жас кәсіпкерлері 300 000 және 100 000 теңге көлемінде қаражатты ұтып алды. Ауданның ең белсенді жастары Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Кешке қарай жастар діни экстремизм және терроризм, ЖИТС алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді. Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттау тобы Елбасы Жолдауының мәні мен маңызын түсіндірді. Спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырып, шара соңында «Достық алауы» жағылды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button