Теміртау

Жас құтқарушылар жарады

    Теміртауда қалалық, аудандық жас құтқарушылардың ең мықты топтары қатысқан «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өз мәресіне жетті. Алғашқы медициналық көмек жасау, жарыс аясындағы жаттығу көрсетілімі, қабырға газеті мен топ басшылары сайысы бойынша құтқарушылар бағын сынады.

Сондай-ақ, жауынгерлік тәсілдер, табиғи орта жағдайында құтқару-іздестіру жұмыстары, су айдындарында құтқару жұмыстары бойынша мықтылық танытты. Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Абай ауданының жас құтқарушылар құрама командасы 3 орынды еншіледі. Бір айта кетері, Бұқар жырау ауданының атынан сынға түскен команда «Жауынгерлік қанат жаю» қашықтықта және «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» кезінде 1 орын алып, сонымен қоса, капитандар сайысында, барлық жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 2 орынға тұрақтады. Ал, «Факел» сауықтыру легерінің құрамасы «су акваториясы құтқару жұмыстары» қашықтығында, қабырға газеті сайысында, капитандар сайысында 1 орын тұғырына көтеріліп, барлық жарыстардың қорытындысы бойынша «Жас құтқарушылар» облыстық жарысында жеңімпаз атанды. Осы күні барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар және медалдар табысталды. Дара шыққан жеңімпаз командаға жеңіс кубогы берілді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button