Жаңалықтар

Жантүршігерлік жол апаты бір адамның өмірін қиды

Бүгін сағат 15:00 шамасында “Қарағанды-Дубовка” тас жолында жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиғадан бір адам қаза болып, екеуі жарақаттанды деп жазады NUR.KZ.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ порталына жол апаты болғанын растады.

“Алдын ала мәлімет бойынша, “Мазда” жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Ол “Газель” көлігімен соқтығысып қалды. Нәтижесінде, “Мазда” көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. “Газель” жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді” , – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қыметі.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің үшінші бөлімі, 345 бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button