Руханият

Жалынды жастар – болашақ негізі

    Жуырда, Ақтоғай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АйФар» мейрамханасында Елбасы Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жалынды жастар» атты ауыл жастарының форумы өтті.

Жиынның мақсаты – Ақтоғай ауданы жастарының арасында Елбасы мақаласын насихаттау, негізгі бағыттарын түсіндіріп жастардың азаматтық белсенділігін арттыру.

Форумға кент, ауыл, ауылдық округтердің жастары, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов жиынға қатысушы жастарды құттықтап, Елбасы мақаласына тоқталып, ауданымызда биыл қолға алынған игі істер туралы айтып өтті.

Бүгін біз аудан жастарының ашық пікірлерін тыңдауға, Сіздердің емін-еркін ойларыңызды, ақыл кеңестеріңізді ескеріп, шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік алып отырмыз. Форумға ауданымыздың белсенді жастары, кәсіпкерлер, мәдениет саласы, мемлекет қызметкерлері, жұмыссыз жастарды жинадық. Аудан бойынша 3835 жас бар. Бұл дегеніміз – үлкен күш. Барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы – сендерсіңдер,– деді А.Аманжолов.

Жастар ресурстық орталығының басшысы М.Қасымханның жастар саясатын жүзеге асырудағы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері және шешімін таппай жүрген мәселелер туралы баяндама жасады.

Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 22 маманға жалпы сомасы 3494,3 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және 4 маманға жалпы сомасы 13560,0 мың теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Жалпы 2017 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 17 млн. 067 мың теңге бөлінді. Бұл дегеніміз мемлекет тарапынан жастарымызға жасалынып жатқан үлкен қолдау,– деді М.Қасымхан.

Бұл күні жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, ой-пікірлерімен бөлісті. Айтулы форум аясында бос орындарға жәрмеңке және 2014-2015 жылдары аудан әкімінің грант иегерлерінің өнімдік көрмесі өткізілді. Алқалы жиынның соңы өнерлі ауыл жастарының мерекелік концертіне ұласты. Сондай-ақ, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, жастар арасында білім, өнер, спортты насихаттап жүрген бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жастар форумы мерекелік отшашумен аяқталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button