Жаңалықтар

Жаңғырудың жаңа серпіні

Тарих белестерінде мемлекет пен қоғамның материалдық, саяси мәдениеті мен жалпы рухының жаңаланып отыруы заңды құбылыс болып табылады. Бұл – адамзат өмірінің талабы. Оған халық табысының өсуі, бизнес пен экономиканың бәсекелестік реттелуі, тұрмыс сапасының артуы, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, әлеуметтік тәртіпті нығайту және тағы басқалары қатысты. Жетілу сұраныстары да аса ықпалды. Білім мен ғылым және тәрбие мығымдылығы ұлт саулығына қорғау болады. Осындай үлкен өзгерістерге негіз болатын мемлекеттік қамқорлық таяуда жарияланған Ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында тиянақты анықталған.

Бұл ресми құжатта Отанымызды өркендетуге бағытталған реформаларды жалғастыра отырып, санамызға серпін берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұны мен бағыттарын толықтыра түсу қажеттігі көрсетілді. Осы ретте Жолдауда: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформаларын қалыптастыру керек. Келесі жылы «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», – деп міндеттелген. Мұндай бастама ұрпақ өмірі мен білімі әрі тәрбиесіне арналған маңызды мақсат

Еліміздегі басты бағытты мақсат білім беру екендігі тағы да аталып, алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу көзделіп отырғаны осының айғағы. Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен олқылықтар ерекше сезіліп отырған аймақтар үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру тапсырылды. Сонымен қоса «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірлену мақсат етілді. Бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды жетілдіру үшін 100 сауықтыру кешенін салу да жоспарланды. Осының бәрі білім мен ғылым, жас ұрпақтың өнегелі әрі өркенді тіршіліктеріне деген қамқорлық деп сезінеміз.

Бәрімізге белгілі еліміздің тәуелсіздігі нарықтық заманның әлемдік сарынымен қатар жүруде. Мұндағы саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани құбылыстар жаңа технологиялық құрылымды, меншіктің әрі еңбектің ұйымдастырылуы тұрғысында бұрын соңғы бейтаныс жағдайларда өтіп жатыр. Адамдардың руханипсихологиялық қасиеттері, айналаға көзқарас, саяси түсініктер жаңаша қатынастарды дүниеге әкелуде. Соған орай білім мен ғылымның бет алысы түбірінен өзгеруде десек те болады. Тәрбие жүйесі жаңа мазмұндағы ескі мен жаңаның үйлесіміне байланысты шараларға бет бұруы қажет. Рухани жаңғыру бағдарламасы да, ҚР Президентінің елге Жолдауының да өзекті мәселесі жаңаша еңбек пен экономика психологиясына өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы ретте кешенді жүйелі жағдайда жаңа әлеуметімізге кедергі болатын қасиеттермен күресіп, жаңа демократиялық, жариялылық мәселелеріне байланысты дағдыларды қалыптастыруға ұмтылу қажеттілікке айналуда. Азаматтардың өмір салты, еңбек дағдысы, ойы, білімі, көзқарасы және тағы басқа бейнелері жаңаша қызметке әрі оны ұйымдастыру қабілетіне сәйкестенуі тиіс. Бұл заман талабына сай экономикалық психологияның аспектілеріне тікелей байланысты.

Нарықтық экономика жаңа дәуірдің ұлы көшінің құрылымы. Мұнда ғалымдар әлеуметтік-экономикалық дамуда адам факторын басты етіп, шаруашылық қызметте психологиялық қасиеттер мен экономикалық қатынастарды жетілдеруде психологиялық жаңғырту мәселелерін алға батыл қоюда. Мәселенің маңыздылығы тек экономиканы ғана емес атап өткеніміздей қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Сондықтан, экономикалық психология шаруашылық иіндерінде, адам психологиясының нақтылы шаруашылықтағы қызметінде ойлық, сезімдік, еріктік шешімдерімен тікелей басты байланыста. Осыған орай экономикалық мінез-құлықты, дағдыны жаңа нарыққа сәйкестендіру, экономика мен психологиялық категорияларды өзара жымдастыру, өзара үйлестіру маңызды болып шығып отыр. Ал, экономикалық психология қоғамдық қатынастардың адамның психикасындағы бейнелену заңдылықтары болып саналып, өндіріс процесінде өмірлік игіліктерді олардың өндірістік күштермен өзара қатынасын жинақтайды. Анықтап айтқанда қоғамдық қатынастардың өзін емес олардың психикалық бейнелену нәтижесінде жинақталған адам санасындағы мұрсатты формаларын айтады. Адамның мінез-құлқы мен қызметін реттеу қамтылады. Өз кезегінде бұл құбылыс тар белгілі уақытты қажет етеді. Жалпы алғанда экономикалық психология экономиканың ғылыми жүйесінде өз орнын табуы керек. Сондықтан жаңа мінез-құлық қасиеттері экономикалық процесс кешеніндегі қажетті феномен екендігі туындап отыр. Оның тиянақты дайындығы еліміздегі жаңа экономикалық қатынастарды меңгерудің бірден-бір жолы болмақ.

Қоғам тәжірибесінде табыс деңгейлерінің алшақтығына қарамастан, көптеген ірі, орташа және ұсақ меншік иелері мен кәсіпкерлер өндірістік бизнеске емес, сауда-коммерциялық тіршілікке бағдар ұстайды. Олардың мінез-құлқының экономикалық нысанасы оңай жолмен айрықша пайда табуға ұмтылуы құпия емес. Сайып келгенде іскерлік этиканың, нарықтық қатынастар мәдениетінің жетімсіздігі, құқылық мәдениетінің жеткіліксіздігі, сыбайластылыққа бейімділік; нарықтық экономикадағы тұтқалы орындарды ұстауға ұмтылыс сияқты фактілер кездеседі. Бұл құбылыста басқарушылар мен әкімшілік құрам тығыз байланыста әрі түсіністікпен бірігіп күресе білуі пайдалы. Әрине, осы кезеңде мемлекеттік деңгейдегі қолға алынып жатқан шаралар оның нәтижесіне үлкен үміт күттіреді.

Қозғалып отырған мәселеміз өте күрделі құбылыс. Сонымен бірге бұл мәселеге кадр тәрбиесі, болашақ мамандық иелерінің сана-сезімдік қасиеттерін дұрыс бағыттау қатар жүргізілуді қажет саналады. Әрбір оқу орындарында осы бағдарлама оқутәрбие істерінде тиісті міндеттерді бағыттауды керек етеді.

Осы бағытта Қазақстан тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мұнда жүргізілетін «Қазақстан тарихы», «Саяси құқықтық ілімдер тарихы», «Кооперативтік қозғалыстың теориясы мен тарихы» және тағы басқа пәндердің бағдарламаларындағы дәрістер, семинарлар, өз бетінше дайындық пен аралық бақылау тиісті мәселелерді атқаруда. Қазіргі кездегі экономика және оның тарихи кезеңдері, Қазақстанда және облыстағы ерекшеліктері, кооперативтік қозғалыстар жүйесі қамтылып, экономикалық білім мен экономикалық әдет, мінез құлық, дағды, өмір салты, көзқарас, ойлау және т.б. қасиеттерді келешек мамандарға сіңіру қолға жүйелі алынуда. Аталған пәндерде қоғамдық қатынастарды зерттеу мазмұнынан білім беріліп, экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқық, мәдени жан-жақты байланыстар, іс-қимылдар процесімен топтастырылып ұсынылған. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік ілімдер тарихы, теориямен доктриналардың негізгі бағыттары, әлеуметтік және отандық философиялық ойшылдар ілімдері орын алған. Осындай бағыттағы оқутәрбиелік шаралар шарапаты болашақ мамандардың рухани қазынасынан тиісті орын алатынына сенеміз.

Түптеп келгенде әрбір азаматымыздың, болашақ жас мамандардың экономикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін жоғары қоюға бағытталған тарихи сана, мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру мен жетілдіруге жәрдем беретін экономикалық мінез-құлық қасиеттерін терең дамытуға көңіл бөлінуі еліміздің өркендеуіне кепілдікті нығайта түсетіні анық.

Аталған мемлекеттік құжаттардағы келешектік мәні ерекше тапсырыс құқықтық тәрбиені нығыздау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады. Бұл міндет тек біздің еліміз емес әлемдік талап деңгейіндегі мәселе.

Осы құқықтық мәдениет жүйесі реформа мен сана тұрғысында айтқанда қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлықпен қүрес мәселесінде ерекше болуы міндетті. Бұған мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп бақылануда. Оның міндеттері «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» белгіленген. Мұнда іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік органдар қызмет атқаруда. Оған қоса Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы ұсынған жоғары оқу орындарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты оқу пәні кейбір оқу орындарында жүргізілуде. Пәннің міндеттері,мазмұны,әдістемелік нұсқаулар анықталған. Аталған шаралар ел ынтымағы,экономикалық және әлеуметтік тәртіпке,мемлекет қауіпсіздігін нығайтуға,құқықтық сана мен мәдениетті жетілдіруге және басқа да жоғары рух қасиеттерін бекіте түседі деп сенеміз.

Жолдауда рухани дамудың негіздері мен бағыттары көрсетілген жүйелері сан-алуан. Біздер тек оқу-тәрбие процестеріне қатысты күнделікті ұстаздық пікір білдірдік. Қазіргі заман үлгісіне сай уақыт сынына шыдас беретін ел ынтымағына,бірлігіне ұмтылатын рухымызды біріктіретін мұратты құжат санамызға соны серпін енгізеді.

 С.АДАМБЕКОВА,

Қарағанды экономикалық университетінің доценті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button