Жаңалықтар

Жаңғыру негізі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының маңызы ерекше. Себебі, біз жетістікке жету жолындағы жаңа әлемге қадам бастық.

«Жаңа әлем көшбасшылары­ның қатарына қосылу үшін Қазақ­станда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін», – деген Ұлт Көш­басшысы ортақ міндеттерімізді тағы бір айқындап берді.

Жолдауда айтылғандай, жаңғыру негізі – адами капитал. Сондықтан, білім беру жүйесін жаңартылған мазмұнға көшіру жалғаса береді.

«2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

Нәтижесінде, біздің барлық тү­лектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады», – деді ел Президенті.

Мұғалім мәртебесін арттыру, еңбегін бағалау мәселесі де Жолдаудан тыс қалған жоқ. Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын 30-50%-ға арттыру міндеті жүктелді.

Расымен де, рухани жаңғыру жолындағы Қазақстанның білім-ғы­лым, руханият әлеміндегі көші түзу болса, біз биік белестерді бағындырамыз!

Танас НҰҒМАНОВ,

ҚР ағарту ісінің үздігі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button