Жаңғыртудың жарқын үлгісі

             Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Мемлекетіміздің тарихы және атаулы оқиғалар топтастырылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен танысты.

Дөңгелек үстелге Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Болашақ» академиясының оқытушылары мен білім ордасының студенттері қатысты. «Қоғамдық келісім» ғылыми-сараптамалық қолдау және әдістемелік қамту бөлімінің жетекшісі Думан Малаев студент жастарды Елбасы Жолдауында қойылған негізгі міндеттермен таныстырып, атаулы құжатпен өзектес «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарын атады. Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру болып табылатын бұл маңызды құжатта 17 тың бастама, 120 нақты іс-шара қамтылғанына тоқтала отырып, бағдарламаның бес бағыт бойынша жүзеге асатынын айтты. Олар: бірінші – экономика салалары (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру), екінші бағыт – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру, үшінші – цифрлы Жібек жолы, интернетпен қамтамасыз ету және оны ауылға дейін жеткізу, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту, төртінші – адами капиталды дамыту, IT мамандарды даярлау, бесінші – инновациялық экожүйе құру.
ҚарМТУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Машакар Сүлейменова баяндамасын Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабына арнады. Еліміздің егемен мемлекет ретінде негізі қаланған күннен бастап, 26 жылдық тәуелсіздік тарихының қалыптасу кезеңдері жайлы деректер келтірілген кітаптың тарауларына тоқталды. Мәтіннен үзінділер келтірді. «Мемлекетімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосу осы кітаптың басты идеясы», – деді.
Студенттер айтылған тақырыптар төңірегінде пікірлерімен бөлісті. Кездесуді ҚарМТУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Әсем Сағатова қорытындылап, реформалардың дұрыс әрі тиянақты орындалуына және еліміздің саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуына аталған құжаттардың тигізер ықпалы зор деді.

Аяулым СОВЕТ.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.