Жағымсыз иістен қашан құтыламыз?

Мен Қарағанды қаласындағы Шахтерлер даңғылы, 31 үйдің 2 қабатында тұрамын. Ел бұл үйді «Красная крыша» деп атап кеткен. Алайда, атағы жер жарған үй жертөлесінің жағдайы өте нашар. Биыл қыстан бері жағымсыз иіс пайда болды. Терезені ашсақ, таза ауаның орнына күлімсі иіс кіреді. Тұрғын үйге жауапты «ЖилСоцсервис» ЖШС мекемесі тұрғындардың арызына құлақ түрмей отыр, жағымсыз иісті кетірудің жолдары қарастырылып жатқан жоқ.

Жертөлеге басы артық бұйымдарды қоюдан да қалдық. Күлімсі иіске жиылған масалар кіреберіске шықсаң, маза бермейді, қыста да тыным таппайды…

Сонда жауапты мекеме қайда қарап отыр?

Ғизат ОСПАНОВ.