Басты тақырыпНұра

Жақсылық өлшенбейді

    – Жаз айында осы мекемеге келіп, қарттардың жайымен таныстым. Әңгіме жүргіздім. Таныса келе, мекеме қызметкерлерінің жұмысына риза болдым. Риза болған себебім, төсек тартып жатқаны бар, кемтар немесе жасы келе баяу қозғалатын жандар алдындағы зор жауапкершілікті арқалаған тиянақты қарым-қатынасты байқадым. Жүргізіліп жатқан бар жұмысты түйіндей келе, көмек қолын созуға келісім жасадық, – деді Әсет Бейсембаев.

Әсемхан Қасымжанқызы басқарып отырған қор 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Негізінен, қор жаны жомарт жандармен және бірнеше қайырымдылық қорлармен, оның ішінде халықаралық деңгейдегісі де бар, бірлесе жұмыс жүргізудің нәтижесінде қызмет атқаруда.

Осы жолы қор қарттардың тұрмысына қажетті екі камералы 2 тоңазытқыш, 2 газ плитасын және автоматтандырылған кір жуғыш машина мен су жылытқыш, қысқа толқынды пеш әкеліп орнатып кетті. Сонымен қатар, жылдың төрт мезгіліне лайықталған киімдер мен төсек жабдықтары және жүре алмайтын жандарға – 10 арба, төсек тартып жатқандарға – әмбебеп 2 кереует, өз еркімен жүре алмайтындарға арнайы сүйеніп жүретін құралға дейін берілген. Мұны аталған қарттар үйінің басшысы Гүлнар Түсіпбекова өз күшімен жеткізіп алған.

Бұл үй 2002 жылдан бері қызмет атқаруда. Гүлнар Түсіпбекова отбасымен ақылдаса келе, өз қаражаты арқылы аталмыш мекемені іске қосқан. Алғашқы күндері екі-үш қартқа қамқорлық көрсеткен мекемені қазіргі күні елуге тарта қарт паналайды. Оның 19-ы – төсек тартып жатқандар.

Бұл біздің алғашқы көмегіміз емес. 2013 жылы жапондық «Шөп тамыры» қайтарымсыз грантын ұтып алып, мекеменің бірқатар жерлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Биыл аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың нұсқауымен «Үміт үйі» қорына сұраныс беріп едік, нәтижесін көздеріңіз көріп отыр, – дейді мекеме басшысы, «Шапағат» орденінің иегері Г.Есләмқызы.

«Үміт үйі» қорының өкілі Әсет Бейсембаевтан қанша қаражатқа көмек берілгенін сұрап едік, жүзімізге күлімдей қарап, жақсылық өлшенбейтінін айтты.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button