Жаңалықтар

Жаңашыл реформа – дамуға баспалдақ

   Елбасы бекіткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам қатарындағы 98-ші қадам ауылдық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуге арналғаны белгілі. Республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету процесінде маңызды роль атқаратын Қазынашылықтың ақпараттық жүйелері қазіргі таңда бюджеттің 3 деңгейіне қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, республикалық, 16 облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеті, 197 аудандық және облыстық маңызы бар қала бюджеттері кіреді. Жалпы бюджеттің IV-ші деңгейі 2 кезең бойынша жүзеге асырылады: бірінші кезеңде 2018 жылдан бастап тұрғын саны 2000 адамнан астам мекендер қамтылса, екінші кезеңде 2020 жылдан бастап қалған ауылдық округтер мен елді мекендер дербес бюджетке ие болады.

2013 жылы Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту концепциясын жүзеге асыру шеңберінде ауылдық әкімдерге ерікті жарналар, айыппұлдардың жеке түрлері, ауыл әкімінің басқаруындағы мүлікті жалға беруден түсетін табыс, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемдер, сондай-ақ, салықтың 6 түрі бойынша аударылатын трансферттер есебінен өз кірістерін құрау мүмкіндігі берілген болатын. Шығыстар жергілікті қауымдастығы жиналысының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады. Бұл кірістер қазынашылық органдарында 2013 жылы ашылған жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы бюджеттен тыс шоттарына келіп түседі. «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде олар үшін тек «Төлеуге берілген шоттарды өткізу» бизнес-процесі іске қосылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  дербес бюджеті болмауы себебінен шығыстар 19 бюджеттік бағдарлама бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылады.

2017 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына 12,0 млрд.теңге түскен, шығыстар 9,7 млрд.теңгені құрады. Қаражат қалдығы 3,2 млрд.теңгені құрады, бұл қаражат жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен 2017 жылы әрі қарай игерілуде. Яғни, жұмыс жолға қойылды және жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа дербес бюджетін енгізу сәтіне дейін жалғасады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу барысында кірістік және шығыстық бөліктері қарастырылған. Мұнда, салықтың 6 түрі бойынша кірістер жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне тікелей аударылатын болады. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетіне жоғары тұрған бюджеттен субвенциялар мен нысаналы трансферттер аударылады.

Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде барлық бизнес-процестер, яғни, қаржыландыру жоспарлары мен өзгерту анықтамалары, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінімдер, төлеуге берілген шоттар, төлем тапсырмалары, есептілік қолданылады. Бұдан өзге, ауылдық бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары санының өсетініне, барлық модульдердегі орындалатын транзакциялардың және жасалатын есептіліктердің көбейетініне байланысты қазынашылықтың ақпараттық жүйелеріне түсетін жүктеменің өсетінін айта кету керек. Бюджет шығыстары Бюджет кодексімен қарастырылған қолданыстағы 19 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігін атқару бойынша процестер қазіргі жергілікті бюджетпен парапар болады. Осылайша жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті еліміздің бюджет жүйесінің толыққанды және ажыратылмайтын бөлігіне айналады.

Қазіргі таңда 213 облысымызда 20 жергілікті бюджет істеп тұрған болса, бюджеттің жаңа деңгейі бюджет жүйесіне 2,5 мың облыстық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін енгізеді. Егер қазіргі таңда түсімдерді бөліп тарату екі кезеңде: бірінші кезеңде республикалық, жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор, ЕАЭК арасында, екінші кезеңде облыстық және аудандық бюджеттер арасында болса, ал бюджеттің төртінші деңгейін енгізумен бөлудің үшінші кезеңі аудандық және ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті арасында бөлу қарастырылады. Атап өтілгендей, қазынашылықтың ақпараттық жүйелерін жетілдіру жұмыстарының негізгі көлемі Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ҚИАЖ) жүргізілетін болады, мұнда Орналасу анықтамалығын аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл, кенттер деңгейіне дейін кеңейту көзделген. ҚИАЖ-да бюджетке түсімдерді есептеу және оларды әрі қарай республикалық, жергілікті бюджеттер арасында бөлу мемлекеттік кірістер органдарының БИН-дері бойынша жүзеге асырылады. Және түсімдерді жергілікті бюджеттер арасында бөлу аудан деңгейіне дейін жүргізіледі.

Бюджеттің жаңа деңгейін қалыптастыру үшін түсімдерді ауылдық деңгейге дейін бөліп таратуды қарастыру қажет. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналастырылған ҚР мемлекеттік кірістер органдарының БИН-дері және бюджетке төлемдерді аудару реквизиттері көрсетілген Анықтамалыққа (яғни, кодификаторға) сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының әрбір БИН-і салық органының белгілі бір кодына сай келеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жеке мемлекеттік кіріс бөлімшесі жоқ, яғни, салық органының коды мен БИН-і де жоқ. Әкімшілік-аумақтық орналасуына қарай жергілікті өзін-өзі басқару органдары және ауылдық округтегі мемлекеттік мекемелер тиісті аудан, облыстың мемлекеттік кірістер органдарына жатқызылады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйелерімен аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл, кенттер тілімінде төлемдер жөнінде ақпарат алмасу бойынша техникалық өзара әрекет етісуі бюджеттің дербес IV деңгейін енгізуді қамтамасыз ету жөнінен Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйелерін тестілеуден өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.

Қаржы министрлігімен Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жоспарлау және атқару, оларға тиесілі коммуналдық мүлікті басқару процестерін реттейтін нормативтік актілердің жобалары дайындалды. Бұдан өзге, Қаржы министрі Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылға Іс-шаралар жоспарын бекітті, қазіргі уақытта жоспарға сәйкес барлық ақпараттық жүйелерді жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, олар үстіміздегі жылдың қарашасына дейін тестілеуден өткізіліп, желтоқсан айында өндірістік ортаға тапсырылуы тиіс. Жоспарда сондай-ақ ауылдық округ, ауыл, кенттер әкімдіктері үшін ақпараттық жүйелер бойынша түсіндірмелі сипаттағы әдістемелік материалдарды (қолданушы нұсқаулықтары, буклеттер, жаднамалар, т.б.) дайындау қарастырылған.

Бүгінгі таңда ҚИАЖ-да тестілік стендке орналасудың төрттен алты таңбалыға дейін кеңейтілген нұсқасы көшірілді. Қазір бюджеттің төртінші деңгейін енгізуге байланысты барлық бизнес-процестерді тестілеу жүріп жатыр. Бұдан әрі қарай Қазынашылық-Клиент жүйесіндегі бизнес-процестер жетілдіріледі және олар да тестілеуден өткізіледі. Сондай-ақ,  ауылдық округ, ауыл, кент әкімдіктерінің қызметкерлерімен тамыз-қазан айлары аралығында Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу жөнінде семинарлар өткізу жоспары бекітіліп, оқытулар ұйымдастырылуда.

Бюджеттің дербес деңгейін енгізу Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті маңыздағы өзекті мәселелерді шешудегі қаржылық және экономикалық еркіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

З.Абсадирова,

Қарағанды облысы бойынша

қазынашылық департаменті

басшысының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button