Жаңашыл білім жүйесі ұқыптылықты қажет етеді

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – білім алып қана қоймай, өмірде оны пайдалану, өз бетімен білім алуды дамыту, үздіксіз өзіндік өрлеуіне қажеттілік тудыруды талап етеді. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық, көшбасшылық, шығармашылық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күннің талабы.

Жеке тұлғаны дамыту, білім алушының тұлғалық қасиеттерін ашу бүгінгі мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктейді. Білім беруде жаңа технологияны меңгеруде, инновациялық үрдісті жүзеге асыруда, мұғалімдерден өз мінезқұлықтарын, ұстанымдарын, талаптарын түрлендіруді талап етеді. Бүгінгі ұстаз – ертеңгі еліміздің кепілі деуге болады. Тұлға – еліміздің тірегі. Еліміз білім саласында жаңа сатыға көтеріліп келеді. Біліктілік пен шығармашылық, көшбасшылық қасиеттерімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру – жаңашыл ұстаздың міндеті. Қазіргі заман мұғалімі әлем көшінен қалмайтын жаңалыққа жаны толы, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбиені ұштастырып, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары ұрпақ қалыптасады. Бүгінгі күн талабына сай ізденгіштік, шығармашыл, көшбасшылық, табандылық, белсенділік қасиеттерін тұлға бойына мұғалім сіңіреді. Жаңартылған білім мазмұны әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыруға негізделген. Осы орайда, әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген. Талабы таудай білімді, дарынды, ізденгіш жеке тұлғаны тәрбиелеп, жетілдіріп шығару әрбір ұстаздың міндеті. Әр мұғалім – өз сабағының көшбасшысы. Мен 36 жылдық еңбек өтілімде бастауыш сынып оқушыларына білім беріп келемін. Білімнің жаңа мазмұны болашаққа бастар сара жол. Жаңа мазмұнға сәйкес әдіс-тәсілдер өте көп. Бірақ, оның бәрін бір сабақта қолдануға нәтижесіз сабақ шығаруға болмайды. Сабақ жүйелі өту үшін сол әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін таңдау керек. Ол үшін оқушының шығармашылығы, ұстанымы, пікірі, табандылығы, икемділігі, өз оқуын реттей алуы, жылдам қабылдау қажеттігіне, еркіндігіне қарай ескеру қажет. Кей жағдайда көп әдіс қолданудың кері әсері де бар. Әсіресе, бастауыш сыныптарда. Мәселен, оқушыны жиірек бағалау дұрыс емес. Оқушы жиі бағаланса толық нә­тижеге қол жеткізбейді. Себебі, бастауыш сынып оқушыларының назары бағаға ауады. Жақсы бағаға талпынғаны дұрыс. Бірақ, ең бірінші білімнің сапасын алға қойған жөн. Заман көшіне ілесіп, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. XX ғасырдың басында ақын М.Жұмабаев «Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы – ол мұғалім» деп атап көрсеткен болатын. Бұл сөз бүгінгі тәуелсіз мемлекет жағдайында өз мәнін, өз қадірін жойған жоқ. Қайта ұстаздар қауымының мемлекет алдындағы жауапкершілігі бұрынғыдан да жоғары. Осы сөз біздің ұстанатын өмірлік темірқазық қағидамыз болу қажет.

Айткүл ЖҰМАҒҰЛОВА,

бастауыш сынып мұғалімі