Жаңаарқа

Жаңаарқалық жастар қарттарға көмек көрсетуде

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары қарттарға көмек көрсетіп, өзгелерге үлгі боларлық іс қылды. Бұл туралы “Жаңаарқа жастары” хабарлады.

Бір топ оқушы ауданның асыл қазынасы, зейнеткер Дәмелі Құлмағанбетованың ауласына үйіліп қалған күртік қарды аршып, айналасын тазартып берді. Жақсылық жасауға асыққан мектеп оқушыларының игі ісіне риза болған ардагер апа балаларға тәтті таратып, батасын берді. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Басқа материалдар

Back to top button