Жаңаарқа

Жаңаарқалықтар Астана қаласының атын өзгертуді қолдайды

Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылының «Ескене» шаруа қожалығының ұжымы Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, кемел де кемеңгер саясаткер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтататыны жөнінде үндеуін қимастықпен, өкінішпен қабылдадық.


Елімізді Нұрсұлтан Әбішұлы басқарған 30 жылдың ішінде ішінде жеткен жетістіктеріміз көз алдымызда. Президентіміздің сарабдал саясатының арқасында қазақ елі әлем картасынан ойып тұрып өз орнын алды. Бейбітшілік пен татулықты, ымырашылдықты ту етіп ұстанған Қазақстан көп мемлекет үшін үлгі бола білді.
1998 жылы Астана қаласында өткен аграрлық кеңес отырысында Елбасымен алғашқы рет жүздестік. Ауыл шаруашылығы мәселесіне, ауыл адамдарына аса ілтипатпен, зор назармен қарап, санамызда өзіндік із қалдырды. Елбасымен жүздесу бақыты бұйырған әрбір адам сол кездесудің әсерінен көпке дейін арыла алмайтыны шындық.
Ұлт көшбасшысы қашанда аграрлық саланы қолдап, оны дамытуға көп күш салды. Елбасымыздың қолдауын сезінген жанның бірі менмін. 2000 жылы шаруаларды қолдау бағдарламасы бойынша несие алып, «Ескене» шаруа қожалығын аштым. Қостанайдан 110 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкеліп, 18 адамды жұмыспен қамтып отырмын.
Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында еліміздің әр тұрғынына өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті мүмкіндіктердің бәрі бар.
Астана қаласын Тұңғыш Президентіміздің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атау туралы шешімді «Ескене» шара қожалығының ұжымы бір ауыздан қолдаймыз. Бұл лайықты шешім.

«Ескене» шаруа қожалығының иесі Төлеуов Әбүйірхан Төлеуұлы

Басқа материалдар

Back to top button