Жаңаарқа

Жаңаарқа 170 тонна ет экспорттауға мүдделі

Бұл туралы Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан БЕҚХОЖИН Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, ауданда мал басын асылдандыруға арналған бағдарламалар өз жемісін береді деп күтілуде.

«Биылғы жылдың 8 айында аудан бойынша жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі 2 млрд. 500,9 млн.теңгені құрады, жоспар 119,7% орындалды» деп хабарлады Юржан Асанұлы. Аудан әкімінің айтуынша, Жаңаарқаның өнеркәсіп саласын 5 бағыттағы өнеркәсіп кәсіпорындары құрайды. Атап айтқанда, кен өндіру, өңдеу өнеркәсіптері, жылу беру, электр энергиясымен жабдықтау, тарату, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері бойынша қызметтер көрсетілуде. Ал «Солтүстік Керегетас» кен орнында темір-марганец, «Кентөбе» «Орда Групп» ЖШС кен орнында, «Бестөбе» «Глобал Хемикал Индастриас» ЖШС кен орнында барит кені өндірілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 27 мың тонна барит кенін өндіруді жоспарлап отыр.

Аудан шаруашылықтары ТМД елдерінен асыл тұқымды ірі қара малдарын тасымалдай бастаған. «Мақсат» шаруа қожалығы Ресей Федерациясы Орынбор облысынан 140 бас етті-сүтті бағытындағы асылтұқымды «Симментал» тайыншаларын әкеліп, өсіруде.

«Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлесін қосып келе жатқан тағы бір сала – ауылшаруашылық саласы. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіптік кешенінде үш жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір өндірістік ко оператив, 7 ауыл шаруашылық кооперативі, сонымен қатар, 780 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Оның ішінде, егін шаруашылығымен – 18 шаруа қожалығы, мал шаруашылығымен – 762 шаруа қожалығы айналысады. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда. 2018 жылдың 8 айын да ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 13 млрд 146,6 млн.тенгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға өсті» дейді Юржан Асанұлы.

Ал, жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін тиімді пайдалану және ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі күнге аудан бойынша үш ет және төрт сүт бағытындағы кооперативтер құрылып, жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, аудан әкімі әлеуметтік саладағы, тұрғын-үй, құрылыс жұмыстарына да тоқталды. БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Жалпы, жетістіктерімен қатар, алда тұрған жоспарлар да жария етілді. Негізі, Жаңаарқа ауданы даму үрдісі бойынша көштен қалмапты. Ілгерілеу үшін ілкімді істерді қолға алған.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button