Шет

Жаңа жылда – жарқын көңіл

Жаңа жылдың басында Ақадыр кентінде Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің сабақтан тыс инклюзивті білім беру мамандарының және жас қызметкерлерінің ұйымдастыруымен үйде оқытылатын оқушыларға «Жаңа жылдық тосын сый» акциясы жүргізілді.

Айта кеткен жөн, инклюзивті білім беру деген – барлық балаларды, соның ішінде ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағыттау.

Акцияның мақсаты – үйде оқытылатын оқушыларға мейірім шуағын төгу және жаңа жылда мерекелік көңіл-күй сыйлау. Үйден білім алатын оқушыларға кәсіподақ ұйымының қолдауымен тәтті сыйлықтар мен жұмсақ ойыншықтар берілді. Ата-аналар мен оқушылар қуанышқа бөленіп, мектебімізге алғыстарын айтты.

Ал, сыйлықтар табыстау барысында мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі кейіпке еніп, ойындар ұйымдастырушыларға олар тіптен разы. Жаңа жылда мәз-мейрам болып, бір жасап қалды десе болғандай. Кейіпкерлер кейпіне еніп оқушыларды қызық-қуанышқа бөлегендер қатарында Аяз ата рөлін сомдаған – Саулет Мұратұлы, Ақшақарға айналған – Самал Омарова, Аю кейпіне енген – Құндыз Амангелдіқызы, Маша боп киінген – Меруерт Асылханқызы, Тауыққа ұқсай қалған – Бибінұр Еркінқызы, Итті сомдаған – Нұрсұлтан Талғатұлы, Сайқымазақ – Ақнұр Сейдоллақызы сияқты мұғалімдер мен тәрбиешілерге алғысымызды білдіреміз.

С.ОМАРОВА,

инклюзивті білім беру бойынша мұғалім-логопед.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button