Бас тақырыпРесми

Жаңа жоба жүзеге асады

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ СВЕН-ОЛОВ КАРЛССОН, НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ АНДРЕ КАРСТЕНС, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БҰҰ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ (ЕҚБ) АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛІ АШИТА МИТТАЛМЕН КЕЗДЕСТІ.

Жоғары делегацияның сапары – қамаудағыларды әлеуметтік реинтеграциялау жөніндегі бірлескен бастаманы іске асырумен байланысты. Пилоттық жобаға екі қарағандылық колония кірді. Бұлар – Қарабастағы ер адамдар түрмесі және Коксундағы әйелдер түрмесі.

Делегацияны облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қабылдады. Аталмыш кездесуден соң мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен Сараптамалық кеңес өтті.

– Қарағанды облысы – Қазақстанның ең үлкен аймақтарының бірі болып табылады. Ол бүкіл ел аумағының 17 пайызын алады. Облыста пенитенциарлық мекемелер көп. Бұл жағдай бұрыннан қалыптасқан. Сіздердің бастап келіп отырған миссияларыңыз біз үшін өте маңызды. Босатылғаннан кейін сотталғандардың әлеуметтік реинтеграциясы – бұл басым бағыттардың бірі болып табылады. Біз үшін сіздердің тәжірибелеріңіз құнды, – деді Жеңіс Қасымбек.

Аймақ басшысы билік бірлескен бастаманы жүзеге асыруға қажетті көмек көрсететініне сендірді. Бағдарламаны ЕО, БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы және Нидерланды Үкіметі қаржыландырады. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеуге, қамаудағылардың радикалдануының алдын алуға баса назар аударылатын болады.

Свен-Олов Карлссон мырза мүдделі тараптар арасында, оның ішінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарын тығыз үйлестіру қажеттігін атап өтті. ЕО Елшісі облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

– Пенитенциарлық мекемелердегі радикализация біз үшін үлкен мәселе болып табылады. Жаһандық проблеманы шешуде дайын рецепттер жоқ, сондықтан тәжірибе алмасу маңызды. Зорлық-зомбылық экстремистер қатарынан тұтқындар біртекті топ болып табылмайды. Бұл адамдарды қоғамға қайта оралуға қалай дайындау керектігін түсіну керек, – деп атап өтті Свен-Олов Карлссон мырза.

Кеңесте түрмелердегі оңалту және бостандыққа шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу бағдарламалары талқыланды.

 Ашита Миттал мырзаның айтуынша, бағдарламаның іске асырылу барысын бағалау үшін далалық миссия ұйымдастырылады.

– Қазақстан ЕО, БҰҰ және Нидерландының бірлескен бастамашылығына енген үш бенефициардың бірі болып таңдалды. Мемлекеттік органдармен кеңескеннен кейін Қарағанды облысында екі пилоттық мекеме анықталды. Біз оларды аралап, сотталғандарды ұстау шарттарын көріп, қызметкерлермен кездесіп, бас бостандығынан айырылған азаматтармен тілдестік. Біздің мақсатымыз – іс-қимыл жоспарын жасау. Іс-шаралар төрт негізгі блоктарға бағытталатын болады. Бұл – қауіпсіздік, қауіп-қатер мен қажеттіліктерді бағалау, оңалту бағдарламалары, босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімдеу мәселелері, – деді БҰҰ ЕҚБ бағдарламасының жетекшісі Вера Ткаченко.

Оның айтуынша, түзету мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Жобаға қатысу үшін психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, теологтарды, үкіметтік емес ұйымдарды тартады.

2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан алғашқылардың бірі болып «Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмысты ұйымдастыруда және пенитенциарлық мекемелерде қамаудағылардың радикалдануының алдын алуда күш-жігерді қолдау» жаһандық бағдарламасына қосылды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button