Бас тақырыпОблыс әкімі

Жаңа зауыт іргетасы қаланды

Кеше облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров «Линде Газ Қазақстан» ЖШС ауаны бөлгіш құрылғының екінші кәсіпорнының құрылысы орнына қазық қақты.

Аталған жоба Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында қамтылған индустрияландыру бағдарламасын табысты іске қосу аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алмас Айдаров «АрселорМиттал Теміртау» ЖШС мен еншілес компания ТМД-дағы аса ірі ауа бөлгіш құрылғының құрылысына инвестиция салған «Линде Газ Қазақстан» ЖШС кәсіпорнының құрылысымен танысу барысында атап өтті.

– Аймағымыздың инвестициялық климатын жақсарту және инвестицияларды жұмылдыру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Қарағанды металлургия комбинатының Теміртау аумағында «АрселорМиттал Теміртау» ЖШС мен «Линде Газ Қазақстан» ЖШС еншілес кәсіпорнын ашуы қуанышты жағдай. «Linde» тобы әлемдегі ең ірі техникалық газ тасымалдаушылардың бірі екендігі белгілі. Компанияның кеңеюге және инвестиция құюға деген ниеттері өте маңызды қадам. Инвестициялар шамамен 70 млн. евроны құрайды. Ешқандай кепілдіксіз шетелдік инвесторлар зауыт салуда. Бұл деген – Теміртауға, өңірімізге үлкен пайда әкелетін жоба. Сонымен қатар, компания өнімі барлық салаларда, 100-ден астам елдерде қолданылады. Өнім арнайы тапсырмаларды орындау үшін өнеркәсіптің барлық салаларында пайдаланылады. Құрылысы қаланып отырған кәсіпорын осы аймақтың дамуына үлес қоспақ. Біздің өңір – Қазақстанның экономикасына үлкен үлес қосатын облыс. Сондықтан, бұл жерге келіп, инвестиция салып жатқан шетелдік азаматтарға біз қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Айта кету керек, аталған жобаны іске асыру туралы келісім индустрияны дамытуға арналған іс-шаралар аясында жүзеге асырылған.

Батыржан ТЕРГЕУСІЗОВ, «Линде Газ Қазақстан» ЖШС бас директоры:

 – Бұл өндіріс іс жүзінде жұмыс істеп тұр. Бірінші блок 2013 жылы қолданысқа енгізілді. Біз сұйық газ, оттегін, азот және аргон өндіреміз. Негізгі басты тұтынушымыз – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ. Бүгінде өніміміз негізінен ішкі нарықта сұранысқа ие және де жақын шет елдерге экспортталады. Атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдері бізден шыққан өнімді тұтынып отыр. Қазіргі таңда өндірісті кеңейту бойынша жаңа жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Екінші блокты іске қосу 2019 жылдың соңына жоспарланып отыр. Құрылыс жұмысына 300 адам тартылады. Құрылысты салушы – «Кайы Иншаат» түрік компаниясы.

 Мамандардың айтуынша, жаңа заманауи өндіріс іске қосылса атмосфераға лас қалдықтар таралмайтын көрінеді. Басты мақсат– өнім өндірудің сапасын арттыру.

Осы күні жаңа кәсіпорынның басшысымен тілдескен облыс әкімінің орынбасары бұл зауыттың болашағы зор, өңірдің экономикасын дамытуға қосар үлесі мол екенін айтып, жиналғандарға шынайы ризашылығын жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button