Абай

Жаңа саябақ – тұрғындарға

       Абай ауданының орталығында Тұңғыш Президент күніне орай күрделі жөндеуден өткен қалалық саябақ ашылды.

Мамыр айынан жөндеу жұ­­мыстары басталған сая­бақ­тың сәні кірген. Мұнда Ұлы Отан соғысына қатысу­шы­ларға арналған «Даңқ» мо­нументі, шағын сәулет мү­сіндері, «Жауынгер-интер­на­ционалистер», «Жас от­басы» мүсіндік композициялары, сахна, екі субұрқақ орнаты­лып, демалыс сәкілері, заманауи спорттық және балалар ойын алаңдары жасақталған. Құры­лыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 325 млн. теңге жұмсалды.

Саябақтың ашылу салтанатында «Даңқ» монументінің лентасы қиылды. Ескерткіштің ұзындығы – 16 метр. Гранитпен қапталған қабырғасына Абай ауданынан қан майданға аттанған 702 азаматтың есімі қашалған.

Осы жерде «Мәңгілік алау» тұтатылып, гүл шоқтары қойылды. Бір минут үнсіз­дік жарияланды.

Аудан әкімінің міндетін ат­қарушы Мұрат Мағзин сөз сөйлеп, аудан тұр­ғындарын мерекемен Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жұмыстарға тоқталып кетті.

Сонымен қатар, тыл ардагері, Абай ауданының Құр­метті азаматы Николай Дуд­кин, аудандық жауынгер-интернационалистердің ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Родин және 11 сынып оқушысы Айдын Әлібеков жылы лебіздерін жолдады. Салтанатты рәсім аудандық Мәдениет үйі ұйымдастырған концерттік бағ­дарламаға ұласты.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button