Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында 22 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Қарағанды облысында жаңа оқу жылына дайындық жүріп жатыр: мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу бойынша байқаулар өткізілуде. Алдын ала есептер бойынша, 2018-2019 оқу жылында оқушылар санының артуы күтілуде. Себебі тек бірінші сыныпқа баратын балалардың саны 22 593 болып отыр.

Фото: karaganda-region.gov.kz

Білім басқармасының мәлімдеуінше, жыл сайын Қарағанды облысында білім беру саласын қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді. Осылайша, биылғы жылы 207 білім беру ұйымдарында жөндеу өткізуге 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген – ол өткен жылмен салыстырғанда 1,5 миллиард теңгеге көбірек. Жөндеу жұмыстары 134 мектепте, 50 балабақшада, 6 қосымша білім беру мекемелерінде, 5 интернат пен 2 балалар үйінде жүргізіліп жатыр. Онда шатырлар жөнделіп, терезелер, есіктер ауыстырылып, еден төсемдері мен қасбеттер ауыстырылуда. Күрделі жөндеу 34 буілім мекемелерінде өткізіледі, бұл мақсатқа 2,4 миллиард теңге бөлінген. Ал облысымыздың 33 білім нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталған.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға қала және аудандардың бюджеттерінен 2,6 миллиард теңге бөлінген, ол қажеттілікті 100% өтейді. Қазіргі таңда оқулықтарды білім ұйымдарына тасымалдау бойынша мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Мектеп формасына тоқталар болсақ, бұл мәселе ҚР БҒМ 2016 жылғы 14-ші қаңтарындағы №26 бұйрығымен, мектеп Жарғысымен және ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі. Аталмыш құжаттарға сәйкес, мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалық стильді ұстанып, бірыңғай түсте болуы тиіс, форма тігуде үш бояудан артық қолданылмауы керек. Мектеп киімінің дизайны ата-аналар комитетімен келісіледі. 
 

Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button