Бас тақырыпРесми

Жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік

Облыс әкімдігінің бастамасымен Қарағандыдағы «Шығыс» базарында Жұмыспен қамту орталығының бөлімшесі ашылды. Жұмыссыз жүргендердің, әсіресе, жұмыссыз жастардың санын азайту мақсатында қолға алынған бастама жұмыс іздеп, табанынан таусылғандар үшін өздерін қызықтырған сала бойынша жұмысқа орналасуға, тіпті, жеке бизнесін бастауға да ықпалын тигізбек. Бөлімшенің ашылуына арнайы келген аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ оның жұмысы өзінің тікелей қадағалауында болатынын айтты.

Қазіргі таңда ауыл жастарының қалаға жаппай қоныс аудару үрдісі белең алды. Балаларының болашағын ойлаған, ауылдағы жұмыссыздық салдарынан халықтың қалаға көшуі – заман талабы. Әрине, дайын тұрған баспанаң, мамандығың болса құба-құп. Пәтерден пәтерге көшіп, жұмыс таппай сенделген ауыл жастары базар жағалап, бір күндік табысты қанағат етуге мәжбүр болды. Бірі – арба сүйресе, бірі – жүк көтеріп, өлместің күнін кешті. Жақсы жұмысқа тұра қоятын мамандық та жоқ. Өзінің ғана емес, елінің де экономикалық жағдайын көтеруге үлес қосар шағында жастардың көлеңкеде қалмауы үшін мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Міне, жұмыспен қамту орталықтары, өз кәсібін ашу үшін мемлекет тарапынанжасалатын көмек туралы дұрыс әрі уақытылы ақпарат ала алмауы салдарынан сергелдеңге түскендерге көмектесу мақсатында «Шығыс» базарынан ашылған жұмыспен қамту бекетінің де негізгі мақсаты – жастарды нәтижелі еңбекпен қамтуға жәрдемдесу және оларды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері келушілерге ақпараттық көмек көрсетіп, «БастауБизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, өз ісін ашу мен дамыту үшін шағын несиелер алуға жәрдемдеседі. Яғни, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы ақпарат беру, мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды түсіндіру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктерді алу бойынша ақпараттық көмек көрсетіледі.

Жаңа бекетті «Шығыс» базарынан ашу туралы шешім кездейсоқ таңдалмаған. Күн сайын базарға шамамен 10 мыңнан астам адам келіп-кетсе, олардың қатарында тұрақты жұмысы жоқтары да бар. Кездейсоқ табыс табуды көздейтіндер де арнайы білімі жоқтар, болмаса тәжірибесі болмағандықтан, жұмысқа тұра алмай жүргендер.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов айтқандай, аталмыш бөлімше жұмыс іздеушілердің өздерін қызықтырған мамандықтары бойынша жұмыс тауып алуына септігін тигізуі тиіс.

Шет ауданының тумасы Азамат Құтжанов төрт жылдан бері «Шығыс» базарында күзетші болып жұмыс істейді. Күнделікті күнкөрістен аспайтын жалақының аздығы мен мемлекеттік бағдарламалар туралы білмеуі оның өз ойындағы кәсібін ашуға кедергі келтіргенін жасырмайды. Бөлімше ашылған сәттен бастап, мамандардан кеңес алған Азамат кәсіп ашуға несие берілетіні туралы біліп, болашақта жеке кәсіпкер болуды мақсат етіп отыр.

– Бүгінгі таңда елімізде Президенттің арқасында қайта білім алып, жұмыс тауып немесе шағын несие алу арқылы өз ісін бастағысы келетіндер үшін барлық жағдай жасалуда. Мамандығы жоқтарға білім алуға немесе қайта оқуға болады. Бұған қоса мемлекет шәкіртақы төлеп, коммуналдық шығындарды өтеп, жол жүру ақысын жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Алайда, бұл бағдарламалар туралы көбісі біле бермейді. Сондықтан, кеңесшілер барлығына осы мүмкіндіктер туралы айтып береді, – деді Ерлан Қошанов.

Жұмыспен қамту орталығының бөлімшесі ашылған сәттен бастап, келушілер қатары қалың. Кеңес берушілер келушілердің әрқайсысымен жеке сөйлесіп, жұмысқа тұрғанға дейін барлық жағдай жасалады.

– Мемлекет бизнес ашуға, жұмысқа орналастыруға қыруар қаржы бөлуде. Осыған байланысты Халық және депутат Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рысқали ӘБДІКЕРОВ Шет ауданында іссапармен болып, аудан әкімдігінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Сенат депутаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен “Ұлт жоспары 100 нақты қадам” бес институционалдық реформасында көзделген және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында жүктелген міндеттермен қатар, Елбасының алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерге тоқталып өтті. Сенат депутаты ауызсу мен ауылдық жерлердегі жөндеуді қажет ететін жолдарға қатысты мәселелерді тілге тиек етті. “Нұрлы жер” бағдарламасына қатысты, әсіресе тұрғын үйлер салуда тірек елді мекендерді назарға алу керектігін, құрылыс салуды инвесторларды тарта отырып, тиімді дамыту керектігін атады. Сондай-ақ, несие алу, шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар мәселелерді сөз етіп, аудандық бюджеттің жағдайымен қатар, пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, мал өніміне қатысты сала басшыларынан жұмыс барысын сұрады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары М.Жұмкин, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жонкина, ветеринария бөлімінің басшысы А.Рахымжанов хабарлама жасады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов ауызсу мәселесін шешу мақсатында “Ақбұлақ” бағдарламасы бойынша ауданда Ақадыр, С.Сейфуллин кенттерінде ауқымды жұмыстардың жүріп жатқанын сөз етті. Осы орайда Сенат депутатына Мойынты кентіндегі ауызсу мәселесінің шешімін табуына және Босаға елді мекеніне дейін жолдың жөнделуіне ықпал етіп, көмек жасағаны үшін тұрғындар алғысын жеткізді. Алдағы уақытта Көктіңкөліге барар тас жолды жөндеуден өткізуге ықпал етуді сұрады. Бұдан кейін сенатор Ақадыр кентінде болып, мұндағы тоқ жеткізуші “KEGOC” АҚ тоқ желілерінің транзиттік бағыттары көрсетілген схема арқылы қуатты компанияның жұмыс барысымен танысты. Кент тұрғындарымен кездесті. “7-20-25” бағдарламасы бойынша алғашқы төлемақыға 2 миллион теңге төлеуге көп адамдардың жағдайы болмағандықтан, оның 1 миллион теңгесі субсидия арқылы жергілікті бюджеттерден берілетіндігін жеткізді. – Кентте 5 қабатты үй салынуда. Бұл Ақадырға аздық етеді. Өйткені, кент тұрғындары бар және кент маңайындағы ауылдардан көшіп келгендер бар. Сондықтан, тағы да жаңадан үйлер салыну қажет, – деді сенатор. Сондай-ақ, Үкімет қатты көңіл бөліп жатқан жол салу мәселесі және су мәселесі жайына да тоқталып өтті. – Елбасы монополистерге қатысты үлкен әңгіме қозғағаны мәлім. Шетелдерде тариф қымбат, ал, Қазақстанда халыққа ауыр болмау үшін тариф құнының қымбаттамауы бағытында жұмыстар атқарылуда. Монополистер тарифтерін төмендетуде. Аудан әкімдері монополистермен меморандумға отырғанда, сол мекемелер хабарламаларын газетке жариялау керек. Яғни, тарифтің бағасы қанша, қанша пайызға құнының төмендетілгендігі туралы халыққа түсініктеме беру қажет, – деді Рысқали Әбдікеров. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік қызметтің сапасы, мемлекеттік қызметкерлердің этикасы жайлы мәселелерді тілге тиек етті. Мұндағы елге сенатор Елбасымыздың “Ұлы Даланың жеті қыры” мақаласы туралы айтып берді. Осы күні Сенат депутаты кенттегі жаңадан жөнделіп жатқан 70 пәтерлі, 5 қабатты тұрғын үйді барып көрді. Сондай-ақ, Ақсарылы бастауыш мектебінде ауыл тұрғындарымен, мұғалімдермен кездесу өткізді. Кездесу кезінде Елбасы Жолдауында айтылған педагогтердің жалақыларының өсуі, үш тілділік жайында, қазіргі мектеп бағдарламасы дүниежүзілік стандартқа сәйкестендірілгендігі, сондайақ, латын әліпбиімен балалардың көздерін ашып, біртіндеп үйрете беру керектігін атап өтті. М.СӘДУАҚАСОВ. ШЕТ ауданы. биылдан бастап жастарға арналған электронды гид те іске қосылады. Оның үстіне, кешенді іс-шаралар өткізілмек. «Жастар жылының» мақсаты – жастарға адресті көмек көрсету, проблемалық мәселелерін шешуге көмектесу, тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету, – дейді облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Құттыбай.

Кез келген жұмыссыз жүрген азамат жұмыспен қамту орталығында анкета толтырады. Арнайы білімі болмаса, оқуға жіберіледі. Оқып жүрген кезінде арнайы шәкіртақы бөлініп, оқып жүрген уақыт аралығында пәтерақысы және жолақысы төленеді. Егер, білімі болса, жолдама бойынша жіберіледі. «Шығыс» базарындағы бөлімше ашылған бір күннің ішінде 5 адам жұмысқа жолдама алып үлгерген.

Мұндай орталықтар облыстың Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев сияқты ірі қалаларда да ашылатын болады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button