Жаңалықтар

Жұмыс жүйелі

Жұма күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі Зина БАЙҒАСКИНА Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп, агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар туралы түсіндірме беріліп, ұжымдағы моральдықпсихологиялық ахуалдың жайкүйін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Сонымен қатар, Зина Сапуанқызы облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті. Жиында уәкілдердің қызметтерін жақсарту бағытындағы мәселелер талқыланып, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Қарағанды облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымымен кездесті.

Жұмыс сапары соңында Зина Сапуанқызы облыстағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметтеріне оң баға берді. Қызмет сапасын көтеруге қатысты кеңес беріп, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің санасын өзгерту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді ұсынды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button