Облыс әкімі

Жұмыс сапасы бақылауда болады

Аулалардың абаттандырылу жобасының жай-жапсарымен танысу үшін аймақ басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Октябрь ауданында болды. Аудан әкімі Ержан ТЕМІРХАНОВ жүзеге асырылған жобаның барысы туралы әңгімеледі. Балаларға арналған ойын алаңдарының талапқа һәм қауіпсіз болуын міндетке алған жоба аудандағы бірқатар аулаларға көрік бермек.

Металлистер көшесі №28,30,36,38,40 үйлерге қарасты аулаларды абаттандырушы «Жібек жолы LTD» ЖШС көрінеді. Келісім-шарттың жалпы сомасы – 37,2 млн.теңге көле­мінде. Мәреге жеткізудің жос­парланған мерзімі – биылғы жылдың қарашасы екен. Бүгінгі таңда аулаларға жарық беру бағаналары орнатылып, асфальтты-бе­тонды жабындар тө­селген. Жиектастар мен жаяу жүргіншілер жолы да жөндеу көруде. Сонымен қатар, жобада балалардың бос уақытында ойнайтын баскетбол алаңы да бар. Аулада орындықтар да, қоқысқа арналған жәшіктер де ұмыт қалмайды. Жаттығу құрал-жабдықтары да бола­ды. Жалпы, абат­тан­дырумен бірге, көгалдандыру да қатар жүргізілуде.

Аулаларды аралап көр­ген билік өкілдері жоба­ның бақылауда болатынын жеткізді. Сондықтан, мерді­герлерге жобаны мерзі­мін­де аяқтау жүктелді. Ал, атқарылған жұмыстың талапқа сай болуы жіті қада­ғаланбақ.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button