Жаңалықтар

Жұмыс ашықтығы – басты міндет

   Әлемдік саясаттағы, экономика мен технологиялардағы қазіргі заманғы екпіндеп өзгеріп отырған талаптар жаһандық қоғамдастықта Қазақстанның алар орнын жаңадан айқындауға түрткі болып отыр. ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне еніп отырғанын атап өтті және тұрғындардың өмір сүру сапасын және ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттігін арттыруға бағытталған 10 өзекті міндеттерді ұсынды.

Аталған міндеттерді іске асыру «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Қазақстанның 30 бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіру секілді қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін біздің мемлекетімізге берілген мүмкіндіктерді пайдалануға ықпал етеді.

Жолдаудың сегізінші басымдығы жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруды жылдамдату есебінен тиімді мемлекеттік басқару болып анықталды. Ал, ҚР Президенті 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында бюджеттік саясатты оңтайландыру бойынша, яғни, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджеттік қаражаттарды тиімді шығындау бөлігінде шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті.

2017 жылы басқарма ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыруды жалғастырды. Оған Қарағанды облысының 34 ұйымы кірді.

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылдың аяғына дейін 80%-дан кем емес объектілерді сауда-саттыққа қоя отырып және 2018 жылдан қалмай қалған объектілерді сата отырып жекешелендіруге жататын мемлекеттік меншіктегі объектілер мен квазимемлекеттік сектордағы активтерді жүзеге асыру Кестесі қайта бекітілді.

2017 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды облысының коммуналдық меншіктегі ұйымдарын бәсекелестік ортаға берудің тиісті кестесі бекітілді, осыған сәйкес 2017 жылы 24 ұйым беруге жатады. Басқарма 2017 жылдың жекешелендіру жоспарын бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде орындады. Облыстық коммуналдық меншіктің 4 ұйымы кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша облыстың бюджетіне 90 млн. теңге түсті (алдын ала төлеммен есептелінетін кепілді жарналар есебінен). Сенімгерлік басқару мерзімі аяқталғаннан кейін аталмыш ұйымдар сатып алынады, ал облыс бюджетіне 3 млрд. 543 млн. 500 мың теңге сомасында қаражаттардың түсуі жоспарлануда.

Тендерді өткізу жолымен 145 млн. 500 мың теңге сомасында коммуналдық меншіктің 11 ұйымы сатылды, оның нәтижесінде бюджеттің салмағын жеңілдету 781 млн. 900 мың теңгені құрады.

«Балқашэнерго» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның 1-ұйымына қатысты соттың шешімі бойынша 5 жыл мерзіммен (2022 жылға дейін) оңалту рәсімі басталды. Оны оңалту мерзімінде ұйымға қатысты қандай да бір заңды іс-әрекеттер шектелді.

Коммуналдық меншіктің 8 ұйымы таратуға жатады. Оның 4 ұйымы үш сауда-саттықтың нәтижелері бойынша сатылмағандықтан ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес таратылды. Тағы 4 ұйым облыстық орталықтың және облыстың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша экономикалық нысаналылық мақсатында таратылды.

Бұған қоса, 2017 жылы басқарма тек қана коммуналдық заңды тұлғаларды ғана емес, сондай-ақ, жылжымалы және жылжымайтын коммуналдық мүлікті (ғимараттар мен автокөлік құралдары) сатуды жүзеге асырды. Жылжымалы және жылжымайтын облыстық коммуналдық мүлікті сатудан облыстық бюджетке 16 млн. 900 мың теңге түсті.

Сонымен қатар, пайдаланбайтын облыстық коммуналдық мүлікті уақытша пайдалануға беру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жалпы алаңы 23 мың шаршы метрден астам облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға беру) 490 шарты жасалды. Облыс бюджетіне түскен түсімдердің сомасы 111 млн. 297 мың теңге, жоспар 104%-ға орындалды. Объектілерді мүліктік жалдауға беру (жалға беру) мен жекешелендіру бойынша барлық рәсімдемелер ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру (жалға беру) қағидаларына сәйкес Мемтізілім.kz. Веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

Қарағанды облысында 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1704 коммуналдық меншіктің, соның ішінде: 298 – облыстық, 1406 – қалалық, аудандық заңды тұлғасы өз қызметтерін атқаруда.

Қарағанды облысының коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерінің құны 245 млрд. 700 млн. теңгені, соның ішінде, облыстық – 84 млрд. 200 млн. теңгені, қалалық/аудандық 161 млрд. 500 млн. теңгені құрады.

2016 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша 127 облыстық ұйымдардан:

– 71 ұйым пайдалы жұмыс істеді;

– 30 ұйым пайдасыз;

– нөлдік нәтижемен 26 ұйым жұмыс атқарды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың кірісті жұмыс істеуінің нәтижесінде 2017 жылы облыстық бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігінен 183 млн. 800 мың теңге түсті.

Бұған қоса, 2017 жылдың 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметке жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша:

табысты ұйымдардың саны 17-ге (71-ден 88-ге дейін) өсті;

пайдасыз ұйымдардың саны 21-ге (30-дан 9-ға дейін) өсті;

нөлдік нәтижесі бар ұйымдардың саны 4-ке (26-нан 30-ға дейін) өсті.

Жалпы талдау нәтижелері бойынша оңды динамика байқалуда.

Елбасы несиелік тұрғын үйді салу мақсатында Астана мен Алматы қалаларын, облыстың жергілікті атқарушы органдарына «Байтерек-девелопмент» акционерлік қоғам 20 жыл ішінде әрбір 2 жыл кезеңмен шығара отырып кейіннен сатып алу құқығымен қарызға берілетін құнды қағаздарды шығаруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Осы жоба бойынша 2017 жылы Қарағанды облысы бойынша несиелік тұрғын-үйді салуға 6 млрд. 727 млн. теңге бөлінді. Басқарма Қарағанды қаласындағы «Панель-центр» шағын ауданындағы 3-көпқабатты тұрғын-үйінің,    «Трилистник» 7-үйінің, Балқаш қаласындағы 2-көпқабатты тұрғын үйінің және Жезқазған қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйінің құрылысы сияқты құрылыс объектілерін, тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру үшін Қарағанды облысы әкімдігінің құнды қағаздарын шығару бойынша жұмыстар атқарды.

Басқарма қызметінің екінші маңызды бағыты мемлекеттік сатып алу болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы облыс бойынша жалпы сомасы 93 млрд. 378 млн. теңге сомасында 1 731 конкурс пен аукцион, соның ішінде 88 млн. теңгеге 14 аукцион жүргізілді.

Өткізілген конкурстар мен аукциондардың қорытындылары бойынша шартты үнемдеу 9 млрд. 811 млн. теңгені құрады.

Бірыңғай ұйымдастырушы ретінде Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы 2017 жылы жалпы сомасы 12 млрд. 130 млн. теңгеге 62 конкурс өткізді.

Өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша шартты үнемдеу 1 млрд. 222 млн. теңгені құрады.

Бұған қоса, басқарма тұрақты түрде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері өткізетін мемлекеттік сатып алуға талдауды жүзеге асырады.

Басқарма тұрақты түрде мемлекеттік сатып алу процесінің заңды реттелуіне талдау жасауда және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңды жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізуде.

Осы жұмыстың нәтижесімен мемлекеттік сатып алу процесінің айқындығы мен ашықтығын, әлеуетті жеткізушілердің арасында адал бәсекелестікті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз етуге ықпал ететін конкурстық рәсімдемелерді өткізу кезінде жекелеген кезеңдерді өткізуге септігін тигізуі мүмкін.

Жалпы алғанда, 2017 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Елбасы мен облыс басшысының мемлекеттік сатып алу саласындағы алға қойған міндеттерін орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыс сапасының жоғары деңгейін сақтады.

 

М.КАДЕКОВ,

Қарағанды облысының мемлекеттік

сатып алу басқармасының басшысы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button