Жаңалықтар

«Жұлдызайда» бақ сынайды

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын XIII «BI-Жұлдызай 2018» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі Қарағандыда өтті. Биылғы фестиваль – Астананың 20 жылдығына арналды.

Балалар және жасөспірімдер сарайы мен жеңіл атлетика манежі базасында өткен фестивальге облыстың түкпір-түкпірінен арнайы мектеп-интернат оқушылары келді. Сонымен қатар, фестивальге Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары және аудандардан жалпы білім беру мектептерінің арнайы және инклюзивті сыныптарында және үйде оқитын даму мүмкіндіктері шектеулі 10-18 жас аралығындағы 290-ға жуық бала қатысты. Жасөспірімдер вокал, хореография, декоративті және қолданбалы қолөнер, аспапта ойнау және спорт түрлерінен сайысқа түсті. Фестивальдің өтуіне ҚР БҒМ және облыстық білім басқармасы, «Жұлдызай» корпоративтік қоры (Астана қаласы) мұрындық болып отыр. Іріктеуден өткендер Астана қаласындағы республикалық сайыста өнер көрсетпек. Жеңімпаздар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде марапатталады.

Аяулым Совет.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button