Басты тақырып

Жәдігерлер – жұрт назарында

Жер тарихы аңызға, ел іші абызға, шежіресі ерлікке толы Қарқаралы өңірі Қарағандыға көшіп келгендей. Бұған облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қарқаралы – қасиетті өлкем» атты көрме ашылғанда куә болдық. Қарқаралы – тарихы тереңнен тамыр тартқан таусылмас жыр, сарқылмас сыр, бұлақтай мөлдір екендігін көрмеге келушілер жарыса жеткізді.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетовтың айтуынша, Батыс-Сібір генерал-губернаторына жазған хаты, сондай-ақ, Қоянды жәрмеңкесі жайлы фотосуреттер мен құжаттар тамашалаушылардың таңданысын тудыруда.  Мұражай апталығына бұл жолы өз жәдігерлерін Қарқаралының тарихи-өлкетану мұражайы алып келгенін естіген жұрттың қатары аз еместігінде тілге тиек етті. Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы аясында Қазыбек Келдібекұлына арналған бұрыш ашылған. Бұдан бөлек, Қарқаралы ауданының батырлары жайлы құнды дүниелер қойылған. Атап өтсек, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраев, Халық әртісі Қалибек Қуанышбаев сынды атақты азаматтарымыз жайлы дерекке толы құжаттар да топтастырылған. Тіпті, танымал тұлғалардың  көрмеге жеке заттары қойылған.

Мұндағы зергерлік жиынтықтар да, жиналғандарға айырықша әсер сыйлады. Белгілі зергер-шебер Нұрғабден Дүйсенқұловтың қолынан шыққан көрмеге күміс білезіктер, тіс тазалағыштар, ас қасықтары мен тағы да басқа бұйымдар жұрт назарына ұсынылды. Қарқаралының әсем табиғатын бейнелейтін суретшілердің картиналары да қойылған.

1977 жылы 7 қарашада құрылған Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының мол мұрасына қаныққандар ризашылықтарын білдірді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button