Өзге адамның құжатымен несие алушылар көбейген

 Соңғы уақытта үшінші тұлғалардың ұрланған немесе жоғалған жеке куәліктерді пайдалана отырып, кредит ресімдеу мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі жиілеп кетті. Мұндай алаяқтық қаскүнемдер арасында кең таралғаны соншалық, банктердің қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелері шарасыз қалуда. Сондықтан да, жеке құжаттарыңызды беру кезінде сақ болу керек.


Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ешбір жағдайда бөтен адамдарға жеке деректер мен құжаттардың түпнұсқаларын бермеу керек. Сіздің атыңызға кредиттің ресімделгенін, не ресімделмегенін білу үшін «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (бұдан әрі – БКБ) жүгінуге болады. Аталған банкте жеке және заңды тұлғалардың барлық кредиттік тарихының деректері сақталған. Клиенттер жаңа қарыз ресімдеу үшін банкке жүгінген уақытта, банктер міндетті түрде кредиттік тарихты тексереді және мерзімі өткен берешектер болған жағдайда кредит беруден бас тартулары мүмкін.

Әрине, құжат жоғалу қауіп-қатерінен 100% сақ болу мүмкін емес, дегенмен БКБ мынадай шаралар қабылдауға кеңес береді:

1. Табылған заттар бюросына жүгініп, құжат жоғалу фактісін тіркеу қажет. Кейін бұл алаяқтық фактісінің болғандығын дәлелдеу кезінде көмегін тигізуі мүмкін. 

2. Тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Құжаттың қайтарылып берілуін ұзақ күту алаяқтардың құрбаны болу тәуекелін арттырмақ. Біреудің құжатына кредитті бір күнде ресімдеуге болады және егер құжаттың жоғалғандығы туралы өтініш дер кезінде жасалмаса, онда сотта алаяқтық фактісінің жасалғандығын дәлелдеу қиын болады. Біраз уақыттан кейін жеке куәлік қайтарылып берілген күннің өзінде алаяқтық фактісінің жасалу қаупі азаймақ.
3. Дербес несие есебін (ДНЕ) алу үшін БКБ-ға жүгіну қажет.
Дербес несие есебі – бұл жеке тұлғаның банктер мен басқа да ұйымдар алдындағы аяқталған және қолданыстағы міндеттемелері туралы ақпараты бар, сондай-ақ, онымен өз міндеттерінің орындалуын көрсететін құжат. Дербес несие есебінде кредиттік тарихты тексеру қате деректердің бар-жоғын тексеруге арналған, оның ішінде, алаяқтық жасау нәтижесінде пайда болған деректерді тексеруге арналған негізгі қағида.

Қазіргі уақытты дербес несие есебін бірнеше жолмен алуға болады:

1. Онлайн режимде www.egov.kz электрондық үкімет порталынан немесе www.myth.kz қаржылық порталдан алуға болады, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы тиіс. ЭЦҚ-ны Халыққа қызмет көрсету орталықтарында  (ХҚКО) орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарынан алуға болады. Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz сайтынан сұраныс жолдау арқылы алуға болады.
2. Пошта байланысы арқылы алуға болады. Ол үшін ДНЕ алу үшін жеке тұлғаның қолы нотариалды түрде тіркеліп қойылған өтінішті жеке куәліктің көшірмесін қоса тіркей отырып, БКБ-ға пошта арқылы жолдау қажет. 
3. Алматы қ., Самал-3 ықшамауданы, 25 үй мекен-жайы бойынша орналасқан БКБ-нің кеңсесінен алуға болады. Өзімен бірге жеке куәліктің немесе төлқұжаттың түпнұсқасы болуы қажет. 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір субъект бір күнтізбелік жылдың ішінде өзінің дербес несие есебін тегін алуға құқығы бар. Одан кейін бір күнтізбелік жылдың ішіндегі жүгінулер ақылы. Дербес несие есебін алу үшін жеке өзіңізге жүгінуге болады немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді тұлға арқылы жүгінуіңізге болады. Бұл ретте шектеусіз жүгінуге болады.
4. «CREDIT CONTROL несие тарихын бақылау» қызметіне жазылу.
Бірінші кредиттік бюроның ұсынып отырған қызметі өзінің несие тарихыңды бақылап отыруға мүмкіндік береді, өйткені кредит туралы ақпарат бірінші болып осы қызметте пайда болады. Мысалы, егер алаяқтар жоғалған құжат бойынша кредит ресімдеу мақсатында қандай да бір банкке жүгінген жағдайда, банк кредит беру алдында кредит есебін алу үшін БКБ-ға сұрау салады.
Мұндай жағдайда осы қызметке жазылған жазылушының ұялы телефонына SMS-хабарламасы немесе электрондық мекенжайына жазылушының кредиттік тарихында өзгерістердің болғандығы туралы, атап айтқанда банк несие есебін алу үшін сұрау салғандығы туралы хабарлама келеді. Осылайша, басқа біреудің кредитінің өз атыңызға ресімделуінің алдын алуға болады.

А.В.Ридель,
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды фи-
лиалының қаржылық ұйымдарды
бақылау және қаржылық қызметтерді
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
бөлімінің бастығы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.