Жаңалықтар

Зейнетақы өсті

Биылғы жылы қазақстандықтарға 1,9 трлн. теңге зейнетақы төленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы көлемі 8 пайызға артты. Базалық зейнетақы 6 пайызға көтерілді. Нәтижесінде, орташа зейнетақы сомасы 72 мың теңгенің мұғдарына жетті. Ал, 1 шілдеде бұл көрсеткіш 82 мың теңгені еңсермек.

Былтыр еліміздегі 2 миллионнан астам тұрғындардың зейнетақы сомасы 20 пайызға дейін өсті. Зейнетақы төлеуге бағытталған қаржы мөлшері 1,6 трлн. теңгені құрады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button