Рухани жаңғыру

Үздіктер анықталды

Жақында аймақтағы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңашыл тәжірибелерді анықтау және насихаттау мақсатында «Үздік педагог – 2018» облыстық кәсіби байқауының ақтық кезеңі өтті.
Шара балабақша педагогтарының мәртебесін арттыру, олардың өз қызметіне сай кәсіби деңгейін қалыптастыру, шығарма­шылығын арттырып, озық тәжірибелерді насихаттау мен таратуды мақсат еткен.
Байқаудың алғашқы сырттай кезеңі өткен жылдың қазан айында өткен еді. Ұсынылған портфолиоларды іріктеген қазы­лар алқасы шешімімен 26 педагог ақтық сынға жолдама алған болатын. Байқаудың негізгі кезеңінде қатысушылар тұсаукесер мен шеберлік курстарын қазылар алқасының назарына ұсынды. Мұнда барлығы қамтылды деуге негіз бар. Педагогтар өздерінің жұмыс тәжірибесін, шешендік шеберліктерін, әріптестерімен қарым-қатынас жасау­дағы тез тіл табысу дағдыларын көрсетті.
Әр қатысушының кәсібилігі, сөйлеу мәнері мен ой тереңдігін басты критерий етіп алған қазылар алқасы әр аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. Саран қаласындағы «Балғын» бөбекжайының тәрбиешісі Оксана Цхай «Үздік тәрбиеші – 2018» аталымында бірінші орынды иеленді. «Үздік педагог-психолог – 2018» аталымында Шахтинск қаласының «Снегурочка» бөбекжайының маманы Татьяна Максяткина жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, «Дене шынықтыру бойынша үздік жаттықтырушы – 2018» және «Үздік музыка жетекшісі – 2018» аталымдарында бірінші орынды Абай ауданының «Балбөбек» бөбекжайының маманы Диана Кузнецова және екінші орынды қаладағы «Алмагүл» бала­бақшасының тәрбиешісі Татьяна Мозер жеңіп алды.
Шара соңында барлық қатысу­шыларға сертификаттар табыс етілді.

Жансая Омарбекова

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button