Жаңалықтар

Үздіктер анықталды

                Қарағандыдағы Балалар және жасөспірімдер сарайында Республикалық мектеп олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты рәсімде 43 қарағандылық мектептің 222 оқушысы марапатталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша биылғы жылы үздік команда ретінде №93 гимназия таңдалды. Сонымен қатар, №№97, 3, 39, 38 гимназиялардың, №№41, 77, 36, 68, 76 мектептердің командалары да атап өтілді. Алғыс сөздері осындай нәтижелерге қол жеткізуде ерен еңбек еткен ұстаздарға да айтылды.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская түрлі деңгейдегі зияткерлік байқаулар мен пәндік олимпиадалар бойынша соңғы төрт жылда жеңімпаз немесе жүлдегер атанған оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар табыс етті. Оқушыларды ұстаздар мен ардагер педагогтар құттықтады.

  Қарағанды қаласы

әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button