Жаңалықтар

Заманауи білім – бүгінгі міндет

            Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау мақсатында ҚарМТУ-да студенттер форумы өтті. Кездесуде оқу орнының ұстаздары, белсенді жастар пікірлерін ортаға салды.

Форумды ашқан «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова облыста «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, мемлекеттік стратегиялық құжаттар аясындағы міндеттерді жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Жастарды бағдарламаларды қолдау шараларына белсенді қатысуға, жаңа технологияларды меңгеруге, жаңа білім алуға ұмтылуға шақырды.

Сондай-ақ, форум жұмысына «Қазақстан халық банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Гүлнәр Ратаева, Ұлттық банктің Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Әлия Зейрденова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілі Әсел Рахимберлина, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Салжан Балаубаев атсалысты. Мамандар студенттерге тұрғын үй алу тетіктері, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ, университет ұжымы Жолдаудағы бесінші бағыт «Құрылыстағы және коммуналдық шаруашылыққа заманауи технологияларды енгізу» бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда университетте «Құрылыс» мамандығы бойынша «Құрылыстағы ақпараттық дизайн және модельдеу» пәнін оқыту элективті пәндер каталогына енгізілгенін атады.

Құрылыс мамандықтары студенттерге дизайндағы заманауи ақпараттық технологияларды үйренуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа логистикалық және тәжірибелік бағыт бойынша әрі Орта Азиядағы көлік-логистикалық кешендерді дамыту және тасымалдауды жетілдіру мақсатында «Логистика» мамандарын даярлап отырғанын атап өтілді.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button