ЗАҢГЕРЛІК ТЕГІН КЕҢЕС

Әр адамның өмірінде заңгерлік көмекке жүгінуге тура келетін сәттер болуы әбден мүмкін. Бірақ, заңгер мен қорғаушының қызметін алу үшін едәуір қаражат керек болатыны да баршаға аян. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қоспағанда, күнкөрісі орташа дегендердің өзі кейде осындай қызметке жүгіне алмай жатады.

«Mediator kz» заңгерлік компаниясы 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап 2018 жылдың 6 маусымына дейін Қазақстан Репсубликасының қалаларында құқық мәселелері бойынша «Тегін заңгерлік кеңестер, құқықтық сауаттылық» акциясын өткізеді.

Заңгерлік компания мамандары құқық мәселелері бойынша тегін кеңес беруге әзір. Тегін заңгерлік көмек алуға жазылу 8 702 701 44 29, 8 776 702 89 89, 8 775 826 48 66 телефондары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, өзіңізді мазалаған мәселе болса, компанияның www.ps2014.kz сайтына хабарлама қалдырыңыз.

«Mediator kz» заңгерлік компаниясы қорғаушылармен, заңгерлік ұйымдармен, нотариустармен, аудармашылармен, сарапшылармен, бухгалтерлермен және өзге де мамандармен әріптестік орнатқан.

 

Қарағанды қаласы

әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии:

2 thoughts on “ЗАҢГЕРЛІК ТЕГІН КЕҢЕС

  1. Саламатсызба! мен танысыма несие алып берген болатынмын ешқандай кепілдемесіз қолына ақшаны бердім қазіргі кезде төлемей қашып жүр заң тұрғысында не істей аламын? Көмектесіңізші осы сұрақ бойынша!!!

  2. Мен коллежде информатика мұғалімі болып киргем, қазирги танда биыл мандық жабылды, мен бир жыл без содержание отпускеде болдым енди увольнениеге жиберип жатыр, бирақ меним негизги мамандығым физика физикадан сағат бар и электрик деген мандық та бар соган шығуыма мүмкіндігім бар ма

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.