Бас тақырыпОблыс әкімі

Қызылқой ауылында жағдай тұрақталды

Шет ауданына қарасты Қызылқой ауылына су басу қаупі төнген болатын. Қардың күрт еруі салдарынан өзен суы ауыл ішіне кіріп кеткен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеп, тасқынның бетін қайтарды. Ауылға су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов өзінің “Твиттер” парақшасында хабарлады. 

“Қызылқой ауылынан су кетті, 2 үй қалпында. Бірақ 9 үйдің ауласына су жеткен. Жергілікті билік ауыл тұрғындарына барлық қажетті көмек көрсетуде”, – деп жазды Ерлан Қошанов.

Басқа материалдар

Back to top button