Жаңалықтар

Қызғалдақ қара үзді

     Жуырда әріптесіміз, «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Қызғалдақ АЙТЖАНОВА журналистер арасындағы республикалық байқаудан жеңіспен оралды.

    Байқауды ҚР Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған. Мақсаты – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен құлағдар ету. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларына белсенді қатысуға шақыру. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілді­рудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, осы бастамалар­ға қоғамның оң көзқарасын қа­лыптас­тыру.

    Байқауға 24 электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, 80 материал ұсынған. Нәтижесінде, үздіктер қатарынан Қызғалдақ көрінді. «Басылым бетіндегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша.

    Қызғалдақтың қаламы жүйрік. Кез келген тақырыпқа түрен салады. Әсіресе, экономика, өндіріс, өнеркәсіп салаларын мөлдірете жазып келеді. Көзі қырағы оқырманға сонысымен сүйкімді.

    Бәрекелді! Жүлде құтты болсын!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button