Облыс әкімі

Қытымыр қысқа – қапысыз әзірлік

Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кеңейтілген кеңес өткізіліп, онда алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі талқыланды.

Кеңесте тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қыс маусымына әзірлік жағдайының жай-күйі туралы облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Бегимов есеп беріп, жылдың қытымыр кезеңіне дайындық шаралары аясындағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Одан кейін аймақ басшысы бірқатар әкімдер мен кәсіпорындар басшыларының есептерін тыңдады.

Маңызды жайтты талқылау түйінінде Нұрмұхамбет Әбдібеков күн тәртібіндегі мәселенің айрықша өзектілігіне назар аударды.

Бізде әлі де біршама уақыт кезеңі бар, сондықтан да, іс-әрекеттерді мейлінше ширатып, кездесетін кедергілерді кері ысырып тастау керек. Күзгі-қысқы жылу беру маусымын дер кезінде әрі сапалы бастау, кемшіліктерге жол бермеу – басты шарттылық, – деді облыс әкімі. Ол сонымен қатар, қалалар мен аудандар әкімдерінің қыс маусымына дайындық жайы мен сапалы өткерілуіне дербес жауап беретіндігін қатаң атап өтті.

Аймақ басшысы, бұдан тысқары, салаға жауапты басшыларға жылу беру көздері, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, көпқабатты тұрғын үйлер және әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың қыс маусымына қапысыз әзір болуына қатысты нақты тапсырмалар берді. Мемлекеттік «Нұрлы Жол», «Аймақтарды дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында қолға алынған жөндеу жұмыстарын жүргізуді жылу беру маусымы басталғанға дейін тиянақтау мәселесі де тілге тиек етілді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button