Пікірлер

“Ырыс алды -ынтымақ”

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты Үндеуінде қашанда халқымен бірге екенін көрсетіп, ел ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін берді. Иә, «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейді халық даналығы. Әлемді әуре сарсаңға салған жаман індет – коронавирус дерті дендеп, барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Кеселдің жолын кесуге, әрине, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» татулығымыздың арқасында қол жеткізеріміз анық.


Барша қазақстандықтарға қолдау білдіріп, рух берген, жарқын болашаққа сеніммен қарауға үміт берген Үндеудің орны бөлек. Тұңғыш Президент өзінің ел басқарған жылдарында қабылдаған реформаларының, ұстанған саясатының дәл қазіргі сәтте дұрыс болғандығын атап өтті.
Шындығында, жаһан жұртшылығы үлкен дағдарысты бастан кешіп жатқан шақта Қазақстан халқы Елбасының сарабдал саясатының арқасында дағдарысты сезініп үлгерген жоқ. Осы тұста Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін бекем ұстанып, бір мақсат жолында жұдырықтай жұмылайық.
Сонда ұлы күшке айналарымыз анық.

Мәулен ҚҰЛЫМЖАНОВ,
Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button